Президенттердің негізгі мамандықтары

Президенттердің негізгі мамандықтары
Фото: astrobl.ru

"Президент" деген мамандық жоқ. Десе де саясаткерлікке баулитын мамандықтар жоғары оқу орындарында оқытылады. Бүтін бір елді басқарған, басқарып отырған президенттер әр салада білім алған. 

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастаған.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 1975 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін мемлекет қауіпсіздігі органдарына жұмысқа жіберілген. 

АҚШ-тың қырық үшінші президенті Джордж Уокер Буш 1968 жылы Йель университетін, 1975 жылы Гарвард университетінің бизнес мектебін бітірген. 

АҚШ-тың қырық төртінші президенті Барак Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы заң мектебін тәмамдаған.

Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі мемлекеттік басқару университетін инженер-экономист, өнеркәсіпті басқаруды ұйымдастыру мамандығы бойынша аяқтаған.

Украинаның бесінші президенті Петр Порошенко Киев мемлекеттік университетінде халықаралық экономикалық қатынас мамандығы бойынша білім алған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 1981 жылы Ташкент ирригация мен мелиорация институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 

Венесуэла президенті Николас Мадуро Морос жоғары білім алмаған. 

Франция президенті Франсуа Олланд Париж саяси зерттеу университетінде құқық пен бизнес саласында оқыған. 

М. Оңғарова