ТүркПА жаңа офисінің ашылуында Президенттер марапатталды

ТүркПА жаңа офисінің ашылуында Президенттер марапатталды

Кеше Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ТүркПА жаңа әкімшілік кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты.  Онда Мәжіліс Төрағасы сөз алып, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Әлиевке Баку қаласының төрінен бой көтерген бірегей ғимарат үшін ТүркПА-ның Іс басындағы төрағасы ретінде ұйым мүшелері атынан шынайы алғысын білдірді.  Мәжіліс Спикерінің айтуынша осы маңызды оқиға ТүркПА-елдерінің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған өте маңызды кезеңде өтіп отыр.

Сонымен бірге 1920 жылы Шығыс халықтарының тұңғыш съезі және биыл 90 жылдығын атап өткен тұңғыш түркологиялық съез осы қалада өткенін еске алған Н.Нығматулин тарихи оқиғалар тоғысқан Бакуде бауырлас елдер бас штаб-пәтерінің орналасуы айрықша маңызды екенін атап өтті. Өз сөзінде:

– Біз Әзірбайжанда ТүркПА Хатшылығының жаңа офисін аштық. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған ТүркПА жаңа белеске шығуының нақты көрсеткіші. Бұл Президентіміздің осы ұйымды құру жөніндегі идеясының маңыздылығын тағы да көрсетті. Сондықтан алдағы уақытта ТүркПА елдері, соның ішінде, заң шығарушы органдар арасындағы әріптестік бұрынғыдан да тереңдей түседі,– деді.

Биылғы бас қосудың тағы бір ерекшелігі ТүркПА-ның шешімімен Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия елдерінің Президенттері «Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы