- Негізгі бет
- Тұлға
- Мэрилин Монро туралы...
Мэрилин Монро туралы қызықты деректер
Мэрилин Монроның шын аты - Норма Джин Бейкер (Мортенсор).
Анасы қызының тәрбиесімен айналыспаған. Қаражат жағынан көптеген қиындыққа кезігіп, Мэрилиннің балалық шағы жоқтықта өткен. Оны асырап алғысы келгендер көп болғанмен, анасы бәрінен бас тартқан. Ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қыз 10 жасынан бастап өз бетімен өмір сүре бастаған. Алайда "сұлулық - қыздың соры" дегендей зорлық-зомбылық көрсеткісі келгендер көптеп кезедскенін Мэрилин жасырмай айтқан.
20 жасында киностудияға қарапайым қосалқы әртіс болып барған кезде ол өз есімін ауыстырып алған.
Мэрилин ресми түрде күйеуге 3 рет шыққан. Сонымен қатар оның жерлеу рәсіміне тек екінші күйеуі ғана қатысқан. Ол - бейсболшы Джо Ди Маджо. Олардың некесі бір жылға да созылмаған. Алайда ажырасқаннан кейін де Джо Мэрилиннің барлық жобасын қолдап, көмектесіп отырған.
Әртісте ешқандай бала болмаған. Алайда 2000 жылы Джозефе Кенеди Джон Кенеди мен Мэрилин Монроның ұлы екенін мәлімдеді.
Ол өмірден өтпей тұрып, "ең әдемі әртіс" деген атақ алды.
Әртіс әрқашан байсалды рөлдерді армандады. Бірақ ол әрдайым мелодрама мен комедияларға шақырту алған. 30-дан астам фильмге түскен. Ол ойнаған "ақылсыз аққұба әйел" рөлі Голливуд продюсерлерінің көңілінен шыққан. Оның соңғы күйеуі Артур Миллер бірде өз күнделігінде Мэрилинді шынымен кішкентай зердесіз қыз санайтыны туралы жазған. Қос ғашықтың ажырасуына да осы себеп болған.
Сұхбат барысында ол өз сөзінің бұрмалаусыз жазылуын қатты қадағалаған. Бірақ ол керек нәтижеге қол жеткізе алмаған. Себебі жеңілтек қыздың рөлі көпшілікке қызық болды. Ол бірнеше пластикалық ота жасатқан. Егер фильмдерін көрген болсаңыздар, байқауға болады. Мұрны, иегі, кеудесі пышақ астына алынған.
Монро визажистерге сенбей, макияжды өзі жасаған. Және күніне 15 рет жуынып, қайтадан макияж жасай алған. Мэрилин басын күн сайын жуып, 50 реттен кем таранбаған. Себебі қайызғаққа қарсы ең дұрыс жол осы деп білген.
Ол тамақ ішкенді жек көретінін айтып, жеңіл-желпі тамақтанғанды жақсы көрген. Әртіс жеміс-жидектер мен көкөністерді ұнатқан. Алайда сағат 6-дан соң тамақ ішпеген. Ол ешқашан күнге күймеген. Күнді теріге зиян деп санаған.
"Мазасыздар" фильмінің соңғы түсірілім күнінде Кларк Гейбл: "Монро жүрек талмасына дейін жеткізді" деп мәлімдеп, келесі күні миокард инфарктына тап болып, 11 күннен соң мәңгілік сапарға аттанған.
Мэнилин Монро 1962 жылы ұйықтататын дәрімен уланып өлген. Ең қорқыныштысы - оның көптеген көрермені осыны қайталаған. Ал достары оның өліміне таң қалмаған. Өйткені атасы ақылынан адасып өлсе, анасы өмірінің тең жартысын психиатриялық ауруханада өткізген. Мэрилиннің өзі үшінші күйеуінен ажырасқаннан кейін кейбір уақытын емханада өткізген.
Сурет: postomania.ru, www.liveinternet.ru, kinofilms.ua, joyreactor.cc
Оқи отырыңыз:
Танымал жазушы Герольд Бельгер дүниеден озды
«Өмір жолы» жобасының аясында ардагерлер кеңесіне «Өмір түймелері» берілді
Атақты болуға асықпаған алыптар
99 жастағы Нобель сыйлығының лауреаты дүниеден өтті
Ж. Исакаев