99 жастағы Нобель сыйлығының лауреаты дүниеден өтті

99 жастағы Нобель сыйлығының лауреаты дүниеден өтті

АҚШ-та 99 жасында физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Чарльз Таунс дүниеден өтті, деп хабарлады inform.kz.

Ол 27 қаңтар күні Калифорния штатының Беркли қаласында жарық дүниемен қош айтысты. 

1964 жылы Таунс кеңес физиктері Николай Басов және Александр Прохоровпен бірге «кванттық электроника саласындағы еңбектері үшін» Нобель сыйлығын иеленген еді.

сурет: asergeev.com

Е. Қайрахан