Иманбектің Rita Ora және David Guetta-мен жазған альбомы шығады

Иманбектің Rita Ora және David Guetta-мен жазған альбомы шығады
Фото: Коллаж

Imanbek атымен танымал қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов атақты әнші Rita Ora мен француз диджейі David Guetta-мен бірлесе отырып мини-альбом жарыққа шығарады. 

Bang деп аталатын мини-альбом 12 ақпанда жарық көреді. Бұл туралы Imanbek пен Rita Ora өздерінің  Instagram желісіндегі парақшаларында жариялады. 

Жазба жұмыстарына америкалық рэп орындаушысы Gunna мен аргентиналық Khea атсалысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 20 жастағы диджей және музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов Saint Jhn "Roses" атты әнінің ремикс нұсқасын жариялаған болатын. Ән әлем деңгейінде танымал болды. Кейін музыкант Тори Лейнз, Ашер, Marshmello және Afrojack сынды орындаушылармен бірге жұмыс істеді.

Ал "Roses" әні болса "Грэмми-2021" номинациясынан үмітті. Иманбек бұл әнді жасауға бар болғаны 2 сағат 20 минутын бөлгенін айтқан.

11 қаңтарда америкалық рэп орындаушы Saint JHN Иманбекке ремиксі үшін алғыс айтқан болатын.

Т. Есқали