11 желтоқсан - Халықаралық танго күні

11 желтоқсан - Халықаралық танго күні

Бүгін, яғни 11 желтоқсан күні әлем жұртшылығы танго биінің Халықаралық күнін тойлайды. 

Танго (испанша "tango") – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін Аргентинаның ұлттық биі.

Тангоның алғаш танымал болып, қанат жайған жері – Аргентина. Кейіннен күллі әлем танитын, сүйсіне билейтін аса танымал биге айналып шыға келді.

Жалпы, «танго» сөзі 1890 жылдары кеңінен қолданыла бастады. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.

Бүгінгі мерекенің басты себепкері - Аргентинаға Франциядан келген иммигрант Карлос Гардель. Жас күнінен бастап тангомен "ауырған" Карлостың есімін осы бидің арқасында ел таныды. Еуропаға келген ол Париж қаласында тангоны салтанатты түрде таныстырды. 

Әйткенмен бұл би өнеріне кей елдерде шектеу қойылды. Әсіресе Германия мен Ресей танго десе, ат тонын ала қашты. Бұрындары билеуге рұқсат етілмеген мемлекеттерде де, әлемнің басқа елдерінде де бұл би түрі ерекше танымалдылыққа ие. 

Танго биі жайлы толығырақ мына жерден оқи отырыңыздар.

Тангомен айналысатын барша бишілер қауымын Массагет.кз порталының ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: chitalnya.ru

А. Әбілхан