Кел, билейік танго!

12 Қараша 2012, 14:27

Белгілі орыс ақыны Марина Цветаева «Танго! Қаншама тағдырды қосып, қаншамасын айырдың сен!?» деп жырлап өткен екен. Ендеше, бүгінгі әңгімемізді көпшіліктің сүйікті билерінің бірі - тангоға арнамақпыз.

Танго (испан. tango) – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін аргентинаның ұлттық биі.

Тангоның алғаш танымал болып, қанат жайған жері – Аргентина. Кейіннен күллі әлем танитын, сүйсіне билейтін аса танымал биге айналып шыға келді.

Ерте кезде аталған бидің тек қана «криольо танго» деген түрі белгілі болса, бүгінде аргентиналық танго, ургувайлық танго, балдық танго, фин тангосы және көне танго сынды көптеген түрлері кең таралған. Бұлардың ішінен «аргентиналық тангоға» ең алғаш биленген түріне жақын болғандықтан «түпнұсқалық» би деген ерекше баға беріледі.

Тангоның әуені мен би элементтері бірнеше би түрлерінің, гимнастиканың, конькимен мәнерлеп сырағанаудың, синхронды жүзудің әрекеттерімен аздап ұқсас келеді.

Танго биі Буэнос-Айрестегі африкандық көне билер қоғамдастығының арасында да асқан танымалдыққа ие. Өйткені, «танго» сөзі ибибо халқының тілінен шыққан деген пікірлер аз айтылмайды. Африкандықтар бұл бидің алғашында дауылпаз дыбысына сүйемелдеумен шығарылғандығын айтып, тангоны өздерінің билері деп есептейді.

Жалпы, «танго» сөзі 1890 жылдары кеңінен қолданыла бастады. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Буэнос-Айрестің бишілері мен оркестрлері тангоның құдіретін паш ету үшін Еуропаға аттанады. Ең алғашқы таныстыру кеші Париж қаласында өткізіледі де, кейіннен Лондон, Берлин сынды көптеген астаналарда көңілді би кештері ұйымдастырылады. 1913 жылы АҚШ, Финляндия жерлерінде өткен көрсетілімдер танго тарихында алтын әріптермен жазылатын сәт еді.

Осы күннен бастап тангоның аты кең жайыла бастады. 1930-1950 жылдар тангоның «алтын ғасыры» деген атаққа ие болды. Бұл кезде Аннибал Тройло, Освальдо Пульезе, Астор Пьяццолла сынды тұлғалар негізін қалаған бірнеше ансамбльдер құрылды.

1983 жылы Нью-Йоркте ашылған "Forever Tango» шоуынан кейін танго сабақтарына қатысушылардың саны күрт көбейе түсті.

2009 жылдың 30 қыркүйегінде танго – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы ретінде жарияланып, әлем халықтарының жоғарғы бағасына ие болды.


Суреттер:teamodance.ru,darinaismakaeva.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева


2722 4
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


1-қыркүйек /Оқулық жыры/

білім күні, оқулық мәселесі


Білімді қай жолмен алған дұрыс? (инфографика)

Алда келе жатқан білім күніне орай адамдардың білім алу жолы жайлы...


Бізді жыннан құтқар. 18+

Сақтансаң сақтайды

Автор: Айкона Н


Қыз алып қашу (видео)

Таяу уақыттан бері қыз алып қашып жатқан сәтті бейнелейтін роликтер көбейіп кетті.


Жер ананың өгей балалары

Жер ананың өгей балалары




Айдарлар бойынша қызықты


21 жастағы "За тебя, Бәке" админі табысқа жету сырын бөлісті

Vk.com желісінде жарты миллионнан астам оқырманы бар топты Марғұлан Тұрсынов есімді жігіт ашқан. Ал таяуда ztb.kz...

Айқын ешкімнен ән ұрлаған жоқ

Таяуда көрермен назарына Айқын Төлепбергеннің «Жалаң аяқ қыз» әніне бейнебаяны ұсынылды. Тыңдармандар...

Үнді қыздарының сұлулық сыры

Сұлулық сайыстарында үнді қыздарының жиі жеңіске жетуі – олардың өз-өздерін күте алатынының және табиғи...


Қарашығының түсі өзгеріп тұратын бала

Пәкістандағы ғажайып жағдай ел жұртшылығын таң қалдырды...

Ел клубтары еурокубок жарыстарын аяқтады

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен «Астана» мен «Ақтөбе» командалары қос...

22. Adobe Flash - Жарнамалық баннер жасау

Бір түрлі реңнен тағы бір түрлі реңге өтіп тұратын жарнамалық баннерді қалай жасайды?



Соңғы бейнебаян

Bigbang - Stay [қазақша субтитрлер]

Big Bang тобы 2009 жылы Жапонияда дебют жасағаннан соң, бір жылдан кейін 2010 жылы «Big Show» атты үш күнге созылған концерттерін берді. Концертке 40 000-нан астам көрермен келген. «Stay» әнінің сөзін жазған Fujibayashi Shoko, ал әуеннің авторлары Jimmy Thornfeldt, Mohombi Moupondo.

Аударма, тайминг: Исхар Ануарбеков

Әрлеу, өңдеу: Айназ Қорғанбаева


BTS - DANGER [қазақша субтитрлер]

Тамыз айының басында BTS тобы «Dark & Wild» атты толыққанды альбомдарымен қайта оралды. Осы ән-жинаққа енген әндері арқылы хип-хоп жанрына көшті. Danger - альбомның...


Big Bottle (Big Byung) - Stress Come On [қазақша субтитрлер]

HITMAKER  - Weekly Idol бағдарламасының жүргізушілері Чон Хён Дон мен Defconn бастаған шоу.  Big bottle тобы - осы шоудың аясында пайда болған жоба. Топ төрт жігіттен...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Алдаспан" тобы"Ой толғау" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Түркі Күлтегін" - Мақсат Хасанов
Роза Рымбаева"Жұмбақ сезім"
Роза Рымбаева"Қайран жастық"
"Тұран" тобы"Жарапазан"
"Алдаспан" тобы"Бір елу"
"Тұран" тобы02 Contemplation by Mukagali - poems by M. Makataev
"Тұран" тобы"Іңір"
"Алдаспан" тобы"Көңіл шуағы"
"Тұран" тобы"Аққу"

Жаңалықтар мұрағаты