Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Мәдина Сәдуақасова қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy концертіне шақырды

Мәдина Сәдуақасова қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy концертіне шақырды

Мәдина Сәдуақасова қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy концертіне шақырды

9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында сағат 19:00-де Máńgilik El Daýysy тұңғыш ұлттық музыка шоуы өтеді. Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова қазақстандықтарды осы музыкалық шараны тамашалауға шақырды.

"Құрметті достар, менің репертуарымдағы көптеген әнді 9 қараша күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында бірге шырқайық. Келіңіздер. Барлықтарыңызды асыға күтемін", - деді видеошақыруды "Сүйген жүрек" әнімен бастаған Мәдина Сәдуақасова.

Айта кетейік, Máńgilik El Daýysy жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады.

Концертке қазақ эстрадасының танымал тұлғалары қатысады. Олардың арасында жақында ғана "Қайда" әнімен 100 миллион қаралым жинаған Ерке Есмахан да бар. Одан бөлек, Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.

Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Концертке қалай билет ұтып алуға болатынын мына сілтемеге өтіп біле аласыз.

Ал билеттерді мына сілтемеге өту арқылы сатып алуға болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Қосылған күні: 28 қазан, 18:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.