Máńgilik El Daýysy концертіне қалай билет ұтып алуға болады?

Máńgilik El Daýysy концертіне қалай билет ұтып алуға болады?

Теле және радиожүргізуші және "Жұлдыз FM" ұлттық радиостанциясының директоры Жасұлан Қали Tengrinews.kz тілшісіне Máńgilik El Daýysy қазақстандық музыкалық шоуына қалай билет ұтып алуға болатынын айтты.

"Жұлдыз FM" радиостанциясы әр дүйсенбі сайын Máńgilik El Daýysy жобасына эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұтыс ойынын ойнатады. "Таңғы шоу" және "Кешкі шоу" тікелей эфиріне қоңырау шалып, қазақтың кез келген халық әнін не шоуға қатысып отырған әншінің репертуарындағы шығармасын орындау қажет. Бағдарлама қатысушысы концертке екі билет ұтып алуы мүмкін.

"Ол үшін 3 888 101 байланыс нөміріне хабарласу қажет. Ән орындап, екі билет ұтып алуға болады. Көптеген тыңдарман хабарласып жатыр. Қазақстан бойынша байланысқа шығып жатыр: кеше Орал тұрғыны Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні" атты әнін орындап екі билеттің иегері атанса, бүгін Қарағанды тұрғыны да билет ұтып алды", - дейді Жасұлан Қали.

Айта кетейік, Máńgilik El Daýysy жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады.

Máńgilik El Daýysy. Raim & Artur және Ерке Есмаханмен бірге ән шырқа

Жасұлан Қали мен актриса әрі тележүргізуші Нұрбигүл Егізова қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy концертіне шақырды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

9 қараша, Нұр-Сұлтан, "Qazaqstan" ОКЗ Máńgilik El Daýysy - көрермендер мен өнер жұлдыздары арасындағы шекараны жоятын алғашқы қазақстандық ұлттық музыкалық шоу! Қазақстанның ең үздік әртістері бір сахнада! Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Мәдина Садуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы сенімен бірге ән салады! Máńgilik El Daýysy - күздің басты шоуында бүкіл ел болып ән шырқа! Билеттер ticketon.kz сайтында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен

Публикация от ЖAСУЛАН КАЛИ (@zhass_kali)21 Окт 2019 в 3:39 PDT

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті менің достарым Әсіресе Нұр Сұлтан қаласындағы оқырмандарым Сіздерді 9 қараша "Qazaqstan" ОКЗ Máńgilik El Daýysy - көрермендер мен өнер жұлдыздары арасындағы шекараны жоятын алғашқы қазақстандық ұлттық музыкалық шоуға шақырамыз!⭐️ . Қазақстанның ең үздік әртістері бір сахнада! Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Мәдина Садуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы сіздермен бірге ән салады!???? Máńgilik El Daýysy - күздің басты шоуында бүкіл ел болып ән шырқа! Билеттер ticketon.kz сайтында????

Публикация от Семья/ Творчество/ Бизнес/ (@nurbigul_hanym)21 Окт 2019 в 9:59 PDT

Еске салайық, қазақстандық тұңғыш Máńgilik El Daýysy музыка шоуы 9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Qazaqstan Орталық концерт залында өтеді. Шараның басталу уақыты - 19:00. Сахнада Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Мадина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Сонымен қатар, шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Massaget