Димаш Құдайберген Украинада концерт береді

Димаш Құдайберген Украинада концерт береді
Фото: ©Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық әйгілі әнші Димаш Құдайберген Украина астанасы Киев қаласында концерт бермек. Әншінің жеке концерті 2020 жылдың 11 наурызына жоспарланған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Концерт Киевтегі спорт сарайында өтеді. Билеттің бастапқы бағасы – 700 гривна. Бұл, шамамен – 10 960 теңге.

"Қымбатты достар! 2020 жылдың 11 наурызында Киев қаласында өтетін жеке концертіме билет сатылымы басталғанын қуанышпен хабарлаймын. Билеттерді концерт серіктесі concert.ua сайтынан қарауға болады. Мен сіздерді күтемін", - деді Димаш өзінің бейнеүндеуінде.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)21 Окт 2019 в 5:44 PDT

Ал 2019 жылдың 10 желтоқсанында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Димаштың "Arnau tour ENVOY" атты жеке концерті өтеді. Концертте әнші жаңа туындыларын таныстырып, төрт тілде ән шырқамақ.

А. Қажиев