Fortnite ойынындағы ән кешін 10 млн көрермен тамашалады

Fortnite ойынындағы ән кешін 10 млн көрермен тамашалады

Америкалық диджей Marshmello Fortnite бейнеойынында виртуалды концерт берді.

Бір қызығы ойынның ішінде кәдімгі сахна құрастырылған. Ән кешін тамашалауға он миллионнан астам көрермен келген.

Шын бет-бейнесін жасырын ұстайтын Marshmello Fortnite бейнеойынындағы Pleasent Park (Жағымды саябақ) деп аталатын орында концерт беретінін мәлімдеген болатын. Ән кешіне бір апта қалғанда сахна құрылып, ойын ішінде жарнама жасалды.

Epic Games компаниясы Marshmello-ны бекер таңдаған жоқ. Бұған дейін танымал диджей Е3 көрмесінде Ninja есімді ойыншымен Fortnite ойынынан стрим өткізген болатын. 

Концерт уақытында ойыншылар "атыс" бастамау үшін барлық қару-жарақтар өшірілді. Ал одан кейін диджейдің он минуттық әні басталды. Marshmello "жиналған көрермендермен" көңіл көтеріп, оларды сүйікті қимылдарын қайталауды сұрады. Ал ән кеші аяқталғаннан соң бәріне алғысын айтты. 

Болашақ бүгіннен басталған секілді...

Айбар Рысдаулет


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар