Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш Құдайберген Астанада "Арнау" атты жеке ән кешін өткізеді

Димаш Құдайберген Астанада "Арнау" атты жеке ән кешін өткізеді

Димаш Құдайберген Астанада

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жазда Астанада "Арнау" атты жеке ән кешін өткізеді. Салтанатты шара "Жастар жылы" арналып, елорда күні қарсаңында өтпек. Басты ұйымдастырушы - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы.

Әлем таныған қазақстандық әншінің жеке концерті жайлы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтылды. Оған Димаш Құдайберген, әкесі Қанат Айтбаев және "Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин қатысты.

Димаштың алдағы концерті жайлы Ерлан Қарин кеңінен айта кетті.

- Біз талантты жастарды қолдауға әркез дайынбыз. Оның үстіне биыл өздеріңіз білетіндей, Жастар жылы. Димаш - біздің мақтанышымыз. Оның ерекше таланты арқылы әлем бізді таныды. Танып қана қоймай, біздің тілімізде ән айтты.

Осыған дейін Димаш біздің арнадағы жаңажылдық шоуға да қатысты. Көрермен қауым өте жылы қабылдады. Бұл жобаны Димаштың командасымен ұзақ уақыт ақылдастық. Басты ұйымдастырушы ретінде жеке ән кешін өткізуді қолға алдық. Бұл жоба - жаздағы басты оқиғалардың бірі болмақ. Димаштың "Арнау" жеке ән кеші Астана күніне арналады, - деді.

Ерлан Қарин концерт жайлы арнайы брифинг өткізудің мәніне де тоқтала кетті.

- Бұл жобаны талқылаудың өзіне 2-3 айдай уақыт кетті. Қалай өткіземіз, қайда ұйымдастырамыз? Барлығын бүге-шүгесіне дейін қарастырдық. Әлемдік деңгейде өткізуіміз керек. Себебі Димаштың ән кешіне әлем көз тігеді. Ең мықты шоу концерттердегі технологияларды пайдалансақ дейміз. Шетелден де қонақтар келетіні анық. Сондықтан да бұл концерт жайлы алдын ала хабарлап отырмыз. Өйткені өзге елден келетін сұрақтар көп. Соның ішінде "концерт уақытын ертерек айтсаңыздар", "алдын ала қам жасасақ" деген секілді өтініш-тілектер көп болды, - деді  " Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы.

- Бұл концерт нағыз кәсіби деңгейде өтеді. Қазақстандық және шетелдік мамандар атсалысады. Жалпы концепсиясының негізі қаланған. Алда 5-6 ай уақыт бар. Халыққа жақсы дүние ұсынамыз деген ойдамыз, - деді Димаштың әкесі Қанат.

- Сіздерге деген махаббатпен, сіздерге деген сағынышпен алдағы жазда "Астана аренада" жеке "Арнау" атты ән кешімді өткіземін. Барлықтарыңызды шақырамын. Бұл концертімді барша қазақстандықтарға, Астана күні мерекесіне сый ретінде арнаймын. Көптен бері ән кешімді өткізуді ойлап жүр едім. Енді міне сәті түсті. Концерт жайлы жақындағанда тағы қосымша хабарлайтын боламыз, - деді Димаш Құдайберген.

"Арнау" атты ән кешінде қазақтың халық әндері, қазақстандық және шетелдік танымал композиторлардың туындылары, сондай-ақ заманауи үлгіде өңделген Димаштың авторлық әндері шырқалады. Көрермендер ашық аспан астында қазақ, ағылшын, орыс, француз, ханзу және итальян тілдерінде шырқалған әндерді тыңдай алады. Концерт 4-5 бөлімнен тұрады деп жоспарланған.

Фото: laterales.com
Қосылған күні: 29 қаңтар, 12:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.