Forbes – 2018: Ең көп ақы төленетін музыканттар

Forbes – 2018: Ең көп ақы төленетін музыканттар
Фото: vk.com

Атақты Forbes журналы әдеттегідей "Ең көп ақы төленетін музыканттар" рейтингін жасады.

Тізімді ирландиялық U2 рок-группасы бастады. Осы жылы олар $ 118 миллион тапқан екен. Екінші сатыға британиялық Coldplay тобы орналасты. Кіріс $ 115,5 миллионды құраған. Алғашқы үштікті музыкант Эд Ширан қорытындылайды. 2018 жыл оған $ 110 миллион алып келген.

Ең көп ақы төленетін музыканттар ондығына Бруно Марс ($ 100 миллион), Кэти Перри ($ 83 миллион), Тейлор Свифт ($ 80 миллион), Джей-Зи ($ 76,5 миллион), Guns N' Roses ($ 71 миллион), Роджер Уотерс ($ 68 миллион) пен Дидди ($ 64 миллион) кірген.

Тізімде Бейонсе (11 орын, $ 60 миллион), Кендрик Ламар (12 орын, $ 58 миллион), The Weeknd (13 орын, $ 57 миллион),  Depeche Mode (15 орын, $ 53 миллион) сынды жалпы саны 30 орындаушы бар.

Леди Гага $ 50 миллион ақша тауып 19 орынға тұрақтады. Дрейк, Дженнифер Лопес пен Foo Fighters $ 47 миллионмен 22 орынды бөліп алды. Рейтингтің соңғы сатысы The Rolling Stones ($ 39 миллион) тобына бұйырды.

А. Оралқызы