Онлайн-олжа: жаңа тренд: 8D музыка

Онлайн-олжа: жаңа тренд: 8D музыка
Фото: 123rf.com

Қазір 8D audio жаңа трендке айналып келеді. Оның ерекшелігі музыканың көлемдірек шығуында. Яғни 8D форматқа ауыстырылған музыка адамды айнала дыбысталып жүргендей әсер қалдырады. Бірақ оны тек құлаққаппен тыңдау керек. Өйткені ашық динамик 8D аудиофайлдарының дыбыс толқындарын шашыратып жібереді. Ал 8D құрал-жабдықтарымен жасақталған бөлмеде оның дыбысталуы нағыз кемеліне жетеді екен. 

Құлаққап тағуды ұмытпаңыз

Youtube видеохостингіндегі 8D TUNES каналы алғаш 8 ай бұрын видео жариялапты, қазір каналдың 867 136 тыңдарманы бар, ал барлық видеосы 22 855 740 қаралым жинаған. Instagram парақшасы болса, әзірге 3 278 тыңдарман жинап үлгерген.

 

Twenty One Pilots - Heavydirtysoul (8D AUDIO) Link in Bio

Публикация от 8D TUNES (@8dtunes)28 Июл 2018 в 8:04 PDT

Әндердің көбін 8D форматқа ыңғайлап өңдеуге болады екен, бірақ олардың барлығы бірдей 8D эффектіні толық жеткізе алмайтын көрінеді. Сондықтан дыбыс энтузиастары әзірге дыбысы қанық, сапалы туындыларды ғана өңдеуге мәжбүр.

Massaget.kz