Eminem секундына 10.3 буын жылдамдықпен рэп орындады

Eminem секундына 10.3 буын жылдамдықпен рэп орындады
Фото: gettyimages.com,reddit.zom

Америкалық рэп орындаушы Nicki Minaj 10 тамызда жаңа "Queen" альбомын жарыққа шығарған еді. Альбомда әлемнің ең жылдам рэпері Eminem де бар. Ол Labrinth және Nicki Minaj-бен бірге "Majesty" әнін орындап шыққан. 

Eminem әндегі өз сөздерін асқан жылдамдықпен орындағаны сонша, өзінің "Rap God" туындысынан да асып түскен екен. Айта кетейік, "Rap God" туындысы Гиннестің рекордтар кітабына мәтінінде ең көп сөз қолданылған рэп ретінде енген еді. 

"Rap God" туындысындағы 6 минут 4 секунд ішінде 1560 сөз айтылады, бұл орташа есеппен секундына 4.28 сөз айтылады деген сөз. 15 секундтық бір үзіндіде Eminem бір секундта 97 сөз (секундына 6.46 сөз) айтып үлгерген".

Аталған рекордтағы 6.46 сөз 9.6 буыннан тұрады. Ал жаңа "Majesty" туындысында ол одан асып түсіп, секундына 10.3 буын айтқан. Осылайша ол өз рекордындағы жылдамдық көрсеткішін жаңартты.

Massaget.kz