"Сәлем , Ұлы дала" жобасында бір әулеттен шыққан әншілер бірге ән шырқайды

"Сәлем , Ұлы дала" жобасында бір әулеттен шыққан әншілер бірге ән шырқайды
Фото: hitparad.kz

Жобаның осы шығарылымы әртүрлі жастағы көрермендерге қызықты болмақ. Нақтырақ айтсақ, сахнада өзіндік орны бар екі үлкен әртістің тоғысуы: ана мен бала арасындағы ән шашу өтпек. 

Жоба қатысушыларының бірі Роза Рымбаева өзінің ұлы Әлидің орындайтын әндерін түсінбейтіндігін мойындады. Ол өзінің қос ұлын кәсіби музыкант екенін айтады, алайда олардың әндерінің бағытын түсіне бермейді. Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов қазіргі таңда көрермендерге танымал әнші ретінде белгілі. Ол аз уақыт аралығында еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында халықтың сүйікті әншісіне айналды. Анасы мен ағасының жолын Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди де жалғап келеді. 

Жобаның тағы бір қатысушысы Нағима Есқалиева болса, көптен бері сахнадан да, телеарналардан да көрінбей кетті. "X Factor" жобасында сахнаға шығып ән орындаған Диас Аблаевтың өнеріне анасының қарсылық танытқаны белгілі. Ол кезде Нағима Есқалиева аталмыш жобада әділқазы еді. Ал бүгінгі күні Диас Аблаев халыққа өзіндік ерекше ән айту стилімен танымал. Ол қазақ шоу бизнесінде өзіндік бағытын қалыптастырды.

Диас Аблаевтың дауыс тембрін басқа әншілермен шатастыру мүмкін емес. Анасымен үнемі келіспей қалып, қалжыңдасып көрермендерді таңқалдырудан жалықпайтын Диас Аблаев көрермендерге арнайы ән-шашуы бар екендігін айтты.

Олай болса бір әулеттен шыққан әншілердің бір сахнада тоғысуын 20 мамыр күні "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығынан, сондай ақ "Жетінші арнадан" тамашалай аласыздар.

Massaget.kz