"Сәлем, Ұлы Дала" жобасы - бір әулеттен шыққан әншілерді бір сахнаға тоғыстырады

"Сәлем, Ұлы Дала" жобасы - бір әулеттен шыққан әншілерді бір сахнаға тоғыстырады
Фото: hitparad.kz

"Сәлем, ұлы дала" жобасы аз уақыт аралығында көрермен көзайымына айналды. "Хан шатыр" ойын-сауық орталығында әр жексенбі сайын өтетін концерт жанды дауыста орындалып, көрермендердің көңілінен шығып келеді. 

Әр апта сайын қазақстандық танымал әншілерді сахнаға жинаған жоба көрермендерді таңқалдырудан жалықпайды. Себебі ойын-сауық орталығының кез келген қонағы шоу көрермені атануға мүмкіндігі бар. Ал "Impressario Live" айдарында әншілердің соңғы болып жатқан жаңалықтарымен, сондай-ақ әр маусымның ең үздік жеті әнін көрерменмен бірге анықтайды. Сондай-ақ тікелей эфир көрермендері өздерінің сәлемдерін "Жулдыз FM" жүргізушісі Жасұлан Қалимен бірге жолдай алады. "Сәлем, ұлы дала" жобасымен тікелей эфирде барша қазақстандықтар көретін құттықтау тілектерін жолдау қиын емес.

Ал осы аптада "Сәлем, ұлы дала" жобасында қазақстандық танымал әншілер Роза Рымбаева және Нағима Есқалиева өнер көрсетеді.

Қазақстанның халық аристері – Роза Рымбаева және Нағима Есқалиеваның қазақ сахнасында өзіндік орны бар, осы күнге дейін көптеген белестерді бағынырып, тыңдармандарын жетістіктерімен таңқалдырып келеді. Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов қазіргі таңда көрермендерге танымал әнші ретінде белгілі. Ол аз уақыт аралығында еңбекқорлығы мен табандығының арқасында халықтың сүйікті әншісіне айналды. Анасы мен ағасының жолын Рымбаеваның кіші ұлы Мәди де жалғап келеді. Ал Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев халыққа өзіндік ерекше ән айту стилімен танымал. Ол қазақ шоу бизнесінде өзіндік бағытын қалыптастырды. Диас Аблаевтың дауыс тембрін басқа әншілермен шатастыру мүмкін емес. Жобаның осы шығарылымы әртүрлі жастағы көрермендерге қызықты болмақ. Нақтырақ айтсақ, сахнада өзіндік орны бар екі үлкен артистің тоғысуы: ана мен бала арасындағы ән шашуды жіберіп алмаңыздар. Олай болса, бір әулеттен шыққан әншілердің бір сахнада өнер көрсету сәтін 20 мамыр "Хан шатыр" ойын-сауық орталығынан, сондай ақ "Жетінші арнадан" тамашалай аласыздар.

Massaget.kz