5 жасар Димаштың синтезаторда ойнаған видеосы

 5 жасар Димаштың синтезаторда ойнаған видеосы
Фото: vk.com

Бүгінде миллиондардың сүйіктісіне айналған танымал әнші Димаш Құдайберген балалық шағында түсірілген эксклюзивті видеосын жариялады. Бұл туралы ол инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті. 

"I am a singer" жобасына қатысқанымның мәртебесіне орай, сіздермен мына эксклюзивті видеомен бөліскім келеді. Менің жасым 5-те. Әкемнің мерейтойы"деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз осыдан 1 жыл бұрын 21 қаңтарда  "I am singer" байқауының алғашқы кезеңінде өнер көрсетіп, әлемге танымал болды. Ол жақын аралықта "Грэмми" сыйлығының иегерімен бірге ән айтады. Әйтсе де нақты кіммен бірге ән айтатыны құпия қалып отыр.

Ж. Жұмағұлов