Димаш Құдайбергенов Қытайдағы ән байқауының бірінші күнінде жеңімпаз атанды (видео)

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы ән байқауының бірінші күнінде жеңімпаз атанды (видео)
Фото: instagram.com

Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

2 миллиард халқы бар Қытайдың Hunan TV арнасына шығып, қытайлық кәсіби әншілермен сайысқа түсіп жатқан Димаш Құдайбергенов ұйымдастырушылар тарапы ұсынған «SOS d'un terrien en détresse» француз әнін шырқады. Сайыс ережесі бойынша бірінші күні 8 әншінің біреуі кетіп, 7-еуі қалады. Бір әнші жеңіс кубогын жеңіп алады. Жеңіс кубогына жеті әншіні артта қалдырып, Димаш Құдайбергенов лайық деп танылды. Димаштың сахнада қалай өнер көрсеткенін мына видеодан көре аласыздар. 

Димаш Құдайбергеновтың досы Алпамыс Шәрімовтың мәлімдеуінше, бүгіннен бастап бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін қазақ тілі курсына жазылған. 

Қазақ елін ұлы жеңіспен құттықтап, Димашқа сайыстың келесі кезеңдерінде тек сәттілік тілейміз!

М. Оңғарова