Данэлия Төлешова Алматыда тыңдармандарымен кездесті

Данэлия Төлешова Алматыда тыңдармандарымен кездесті
Фото: inform.kz

11 жастағы жас әншінің украиналық «Голос. Діти» шоуындағы жеңісінен соң туған отанында фанаттары пайда болды. Кеше сауда үйлерінің бірінде ең жас әнші 100-ге жуық тыңдарманымен кездесті.

Өнерпаз фанаттарымен әңгіме-дүкен құрып, қолтаңба таратты. Олармен бірге суретке түсті. Данэлия Нью-Йоркке барғысы келетінін, фастфуд тағамдарын жақсы көретінін жеткізді. Ол осы дәрежеге отбасының қолдауының арқасында қол жеткізгенін айтты.

Айта кету керек, Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында 10 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова топ жарған болатын. Суперфиналда ол «Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» әнін орындады. Жас өнерпаздың әні біраз көрермендердің көзіне жас үйірді. 5 қарашада басталған шоуда қазақстандық әнші жобаның жарық жұлдызына айналды. Данэлияның өнер көрсеткен видеосын 6 млн адам тамашалаған.  Жеңімпаздың әндері «Наше радио» арнасынан 3 ай бойы қойылып тұрады. Сонымен қатар бүлдіршін «Disneyland Paris»-ге саяхаттайтын болды. Қазақстанға келген соң Данэлия ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті. Жас әнші балаларға арналған «Junior Eurovision» байқауына қатысады. Алайда оған дейін Қазақстанның өз ішінде іріктеуден өту керек.

Дереккөз: inform.kz

А. Жапатова