Данэлия Тулешованың алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты

Данэлия Тулешованың алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты
Фото: youtube.com

Украинада өткен "Голос. Діти" ән байқауының жеңімпазы атанған қазақстандық Данэлия Тулешованың алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты. 

"Другие" әніне түсірілген бейнебаян әншінің YouTube желісіндегі  ресми арнасында жарияланды. Ол инстаграм парақшасында оқырмандарынан "Менің көптен күткен «Другие» бейнебаянымды қарсы алыңыздар!" деп сүйінші сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Данэлия Тулешова "Голос. Діти" байқауының ақтық сынында  "Океан Эльзы" тобының осал әншілер айта алмайтын "Не твоя війна" әнін украин тілінде орындап, жеңіске жетті. Байқаудың төрелері кезек-кезек сөз алып, Данэлияны әлемдік деңгейдегі жаңа жұлдызға теңеді. 

Ж. Жұмағұлов