Жыл таңдауы-2017 анықталды

Жыл таңдауы-2017 анықталды
Фото: massaget.kz

Осы жылдың ішінде елгі танылып, халық сүйіктісіне айналып үлгерген танымал жұлдыздарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған Ұлттық музыкалық жүлденің иегерлері анықталды.

Одан соң Тамара Асар "Самаурыным қайнасын" әнін паш етті де, кезекті жүлдеге ие болды.

"Ұлы Дала" әнімен халық аяулысына айналған Музарт тобы да аталған жүлдеге ие болды. Жүлдені Сәкен Майғазиев алып, "Музарттың жүлдесі - халықтың жүлдесі" деп көрермендерді бір көтеріп тастады.

"Жылдың ең үздік айтыскері" аталымында Айнұр Тұрсынбаева мен Дидар Қамиев үміткер болған еді. Халықтың дауыс беру есебінде Айнұр Тұрсынбаева мүсіншеге ие болды.

"Уайымдама" әнімен Әли Оқапов та аталған жүлдемен марапатталды.

"Қайда" әнімен Ерке Есмаханның атаулы жүлдеге ие болатынын баршамыз сезген болармыз.

Әдемі кешті "Әдемі" әнімен тербеген Тоқтар мен Бейбіт "Жыл таңдауы" жүлдесіне ие болды.

Жүректен бір орын сұрап, ән шырқаған Қайрат Нұртас та бұл жүлдеден кенде қалмады. Бірақ ол мүсіншесін өнердегі досы Серікбол Сайлаубекке тарту етті.

Иса Әлимұсаев пен Фарида Жолдасова "Диалог" әнімен "Жыл таңдауына" ие болды.

"Айт енді" әнінің құрметіне Зируза да бұл сыйлықтан құр қалмады.

Қуандық Раxым да xит әнімен "Жыл таңдауы" мүсіншесінің иегер атанды.

"Пай-пай" әнімен "Алашұлы" тобы саxнаға шығып, аталған жүлдеге иемденді.

Шетел асып, елдің атын шығарып жүрген Димаш Құдайбергенов осы кеште "Жыл таңдауы" музыкалық жүлдесіне ие болды. Бірақ, елде болмағандықтан, оның жүлдесін Димаштың өкіл әкесі Ұлықпан Жолдасов алып, өзі жеке табыстайтын болды. Өзі қазақ xалқына бейне жолдау жолдады. Бұл шараның басты шоуы болғандай.

Былтырғы жүлдені иемденген "91" тобы биыл да осы жүлдеге ие болып, үздік атанды. Бұл жолы олар биледі.

Сондай-ақ, кеште "Падиша" әнімен өнер көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева, "Махабаттсыз өмірді кім сүрмек" әнімен Әбдіжаппар Әлқожа, Өз өнері мен өмірін айқын деп жүрген Айқын Төлепберген, көрермендерді "Жан жарыма" романтикалық әнімен тербеген Жанболат пен Жазира, "Сен қорқақсың" әні xитке айналған Нұрболат Абдуллин, "Айта бермеші" әнімен Нұржан Керменбаев пен Мақпал Исабекова, Ринат Гайсин мен Ғалымжан Молданазар, "Айтшы тіке" әнімен Айдана Меденова да осы жүлденің иегерлері атанды.

Суреттер сөйлесін:

Г. Берік