Тамара Асар – Самаурыным қайнасын

Әдетте, әншілер әнін шығарып, жарнамасын жасап, халық арасына таратып, хит еткеннен кейін ғана күттіріп, сағынтып бейнебаянын түсірер еді. Тамара Асар жаңа әнін халыққа бірден клипімен бірге ұсынады. Қазақилығымен, инабатты, ибалылығымен халықтың сүйікті әншісіне айналған Тамара қыздарыңыздың бұл жолғы әні мен клипі де қазақтың салт-дәстүрін жаңаша дәріптеуге арналған. Өзіңіз көріп, бағасын беріңіз.