Атақты кәсіпкер Джек Ма Димашқа сыйлық жасады

Атақты кәсіпкер Джек Ма Димашқа сыйлық жасады
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісі болған талантты әнші Димаш Құдайбергенге атақты кәсіпкер, қытайлық әйгілі "Alibaba Group" интернет-компаниясының негізін қалаушы Джек Ма сыйлық жасады. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. 

Ол инстаграмда сыйлықты әлемдегі ең танымал ондыққа кіретін "Ali baba" компаниясының жетекшісі Джек Ма мырзаның ұсынғанын айтып, атақты кәсіпкерге алғысын білдірген. Дегенмен, әншінің кейбір жанкүйерлері бұл сыйлықты кітапқа ұқсас деп, бірақ шын мәнінде ол алтын iPhone X немесе алтын сағат жасырылған қорап болуы мүмкін екенін алға тартады.

Айта кетелік, Джек Ма – қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің де жанкүйері. Димаштың Астанада өткен "Бастау" атты жеке концерті енді 16 желтоқсанда Қытайдың Чанша қаласында өтеді. 

Ж. Жұмағұлов