Димаш "Түнгі студияда" қонақта болды

Димаш "Түнгі студияда" қонақта болды
Фото: vk.com

Ел мақтанышына айналған, бүгінде бүкіл жұртшылықтың назарындағы талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергенов "Бастау" концертінің алдында "Түнгі студияда" қонақта болды. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым күні EXPO-2017 көрмесі аясында Астанада Димаштың «Бастау» атты жеке шығармашылық концерті өтті. Концертке бірнеше шетелдік танымал жұлдыз келді. Ол жуырда қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) әнін орындады. Саундтрек шілде айының басында шығады деп күтілуде. Әншінің концертіне арнайы АҚШ-тан, Жапониядан, Қытайдан және т.б. елдерден қонақтар келді. Оларды Dimash & Dostar фан тобы әуежайдан күтіп алды. 

Ж. Жұмағұлов