Димаш "Түнгі студияға" сұхбат береді

Димаш "Түнгі студияға" сұхбат береді
Фото: vk.com

Ел мақтанышына айналған талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергенов "Бастау" концертінің алдында "Түнгі студияға" келіп, сұхбат береді. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. 

"Сонымен, эксклюзивті сұxбат - телеарна өміріндегі көп уақытымды арнаған, продюссерлік қызметте @nurlankoyanbayev - пен бірге еңбек еткен @tungi_studiya бағдарламасында! "Түнгі студиядағы" экс-әріптестеріме ертеңгі күнге сәттілік!" – деп жазды ол өзінің инстаграм парақшасына. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым күні EXPO-2017 көрмесі аясында Астанада Димаштың «Бастау» атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Концертке бірнеше шетелдік танымал жұлдыз келеді. Ол жуырда қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) әнін орындады. Саундтрек шілде айының басында шығады деп күтілуде.

Ж. Жұмағұлов