«I’m a Singer» жобасы Қазақстанға келді

 «I’m a Singer» жобасы Қазақстанға келді
Фото: 31 арна

31 арна Орталық Азия аймағында бүкіл əлемдік танымалдылыққа ие "I'm Singer" талант-шоуының жүзеге асатынын мəлімдеді. Халықаралық кастинг шілде айында басталады: 14 іріктелген үміткерлер ең үздік əнші атағын жеңіп алуға додаға түседі. Іріктеу тек біздің еліміздің аумағында ғана емес, сонымен қатар басқа аймақты да қамтып өтеді. Қазақстан алғаш рет Қырғызстаннан, Өзбекстаннан жəне Ресей, Украинадан да қатысушыларды қабылдайды. Шоуға сонымен қатар ҚХР əншілері де қатыспақ.

31 каналдың бас директоры Бағдат Қожахметов фейсбук əлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: "I'm Singer" жобасының форматы жанрлық тұрғыдан жақын Got Talent, X Factor, The Voise секілді жобалардан айрықша ерекшеленеді. Бұл жобаға тек кəсіби музыканттар, жəне талантты əншілер ғана қатысады. Түрлі жанрдағы бүкіл əлемдік мегахиттар оркестрдің немесе кəсіби джаз-бэндтің сүйемелдеуімен орындалады. Ең бастысы - жоба ішіндегі қатысушыларды таңдау механизмі мүлдем бөлек: студиядағы көрермендер дауыс береді жəне ең мықты деген жеті қатысушы ғана соңына дейін, үш жеңімпаз анықталатын финалға дейін бара алады. Бұл көрермендердің шоудың финалдық кезеңдерінде өз таңдауларын жасауға үлкен мүмкіндік береді.

«I’m a Singer» жобасының қытайлық нұсқасының соңғы маусымында əлемдік масштабтық танымалдылыққа ие болған жұлдыз - Димаш Құдайберген. Харизма, керемет əсерлі жəне ерекше вокалдық диапазон, жəне репертуар таңдаудағы күтпеген жағдайлар - басқа қатысушылардан озып шығуды ғана көрсеткен жоқ, сонымен бірге əлемдік шоу-бизнеске жаңа леп əкелді. Димаштың тыңдармандары ғана емес, сарапшылар қоғамдастығы да музыкалық сериалитидің нағыз жеңімпазы Димаш деп таниды.

Дегенмен, «I’m a Singer» жобасының қазақстандық нұсқасында Димаштың қатысу-қатыспауы жайлы сұраққа шоу продюсерлері жауап беруден бас тартты.

31 каналдың бас продюсері Нұржан Мұхамеджановa:

– Біз қазір барлық құпияны ашып, үстел үстіне ашық картаны тастай алмаймыз. Алайда, «I’m a Singer» Қазақстан телевизиясында ғана басты жаңалық емес, бүкіл Орталық Азия аймағында үлкен сенсациялық жоба болып танылатынын айта аламыз. Бұл ең-ең мықтылардың күресі болмақ: ең таланттылардың, ең дарындылардың, ең кəсібилердің, ең батылдардың... Білесіз бе, біздің ел өте талантты ел, бұл жоба арқылы мұны дəлелдейміз. Мен шоуға арналған кəсіби параметрлерді айтпай-ақ қояйын - жарық, дауыс, декорация, осы телевизиядық магияның орындалуына ең мықты күш пен ресурс салынуда. Бұл артық айтқаным емес.

«I’m a Singer» жобасы қыркүйек айынан бастап 31 арнадан көрсетіледі. Екі сағаттық түсірілімдер әр сенбі-жексенбі сайын тікелей эфирден беріледі. Нақты уақытын алдағы уақытта хабарлайтын болады.

Ж. Жұмағұлов