Түрік елін тамсандырған қазақ әншісі көрерменмен қауышпақ

Түрік елін тамсандырған қазақ әншісі көрерменмен қауышпақ
Фото: galymzhan.kz

Халық оны тек "Көк жөтел" немесе өкпе ауруымен ауыратын әнші деп таниды. Әнің хит болса тыңдарманға орындауышының аты аса маңызды емес. "Көк жөтел" әнімен түрік тыңдармандарын да баурап алған әнші, ендігі кезек аты-жөнімді көпшілікке таныстыру дейді. Осы мақсатты көздеген Ғалымжан Жолдасбай ел аралап жеке кешін береді, деп хабарлайды Baistars.kz

Әзілге бір табан жақын Ғалымжан шығармашылық кешінің тақырыбын қызықты етіп таңдаған. «Көк жөтел − Ғалымжан Жолдасбай, әнші  Ғалымжан Жолдасбай, жыршы  Ғалымжан Жолдасбай, күйші  Ғалымжан Жолдасбай, мааа-маржан − Ғалымжан Жолдасбай». Екі бөлімнен тұратын ән кешінде терме, жыр, рэп жанрларында өнер көрсетсем дейді. Сонымен қатар жеке ән кешінде тыңдармандарына үнтаспасын тегін таратпақ. Оңтүстік Қазақстан облысынан басту алған кеш, Қытай, Моңғолия елдерінде жалғасын табуы мүмкін. 

Бір қызығы күні бүгінге дейін күйшілік өнерін жасырып келген ол осы концертінде халыққа шертпе және төкпе күйдің құдіретін танытамын дейді. Тек қазақтың жаңа жылын тойлауды дәстүрге айналдырған әнші Наурыз мерекесіне өз-өзіне сыйлық жасап қойыпты. Үнемі жанына серік еткен домбырасын тапсырыс бойынша жаңалатқан. Америкалық ағаштан ойып жасалған домбыраның бір ерекшелігі электр қуаты арқылы жұмыс жасайды.

Н. Үсенова