Диана Шарапова өз концертінің билеттерін өзі сатты (видео)

Диана Шарапова өз концертінің билеттерін өзі сатты (видео)
Фото: nur.kz

Бұл күндері қазақстандық әнші Диана Шарапова Оңтүстік өңірде гастрольдік сапармен жүр. Жақында әнші өз концертінің билеттерін өзі сатып, ерекше қуанышқа бөленді. Бұл туралы әншінің өзі «facebook» желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстанның Оңтүстiк аймағындағы қалаларда гастрольдiк турда жүрген әншi Диана Шарапова концерттiк билеттердi таратуда үлкен кедергiлерге кездесті. Сондықтан Диана өзi алаңдарға шығып билеттердi сатуға мәжбүр болды. Алаңда жүрген халық билеттердi қуана сатып алды, бiрақ әншiнi танымайтындар да кездестi.

"Билеттердi сату маған көтеріңкі көңiл-күй сыйлады, және мен үшiн үлкен тәжiрибе болды", - дейдi әншi.

О. Сансызбай