Диана Шарапова Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді

Диана Шарапова Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді
Фото: animalworld.com.ua

Қазақстандық әнші Диана Шарапова Қазақстан Республикасының мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, композитор С.Байтерековтің «Аралдан ұшқан аққулар» атты лирикалық композициясына бейнебаян түсірді.

«Аралдан ұшқан аққулар» тартылып кеткен Арал теңізін іздеп құлазыған құмды айнала ұшқан аққулар тарихы жайлы ән. Олар адам танымастай өзгерген мекендерін таба алмай, қаншама шақырамдарға созылып жатқан өмірдің нәрі болған бұрынғы Аралдың орнын басқан құлазыған шөл даланы айналып ұшады.

Сюжет бойынша, әнші кеуіп қалған теңіздің орнын зерттейді. Оның теңізге сапары сор, шағылдар, кемелердің қанқалары, тастанды баржалар, түйе керуендері және Арал портының атақты көтергіш крандарынан тұрады.

Диана Көкарал аймағымен жүріп өтеді. Ақыр сонында, әнші қазіргі кезде Сырдария өзенінің суымен толтырып, солтүстік Арал теңізін қорғап тұрған Көкарал бөгетіне келіп жетеді.

Әншінің айтуынша, бір апталық сапарында түсіру тобына Арал қасіретінің осыншама ауқымды екенін түсіну өте ауыр тиді.

«Жол бойы бізге тозығы жеткен темір арқандар, кемелердің қанқалары және кезінде Көкаралдың аралдары болған өткелбермес таулар кездесті. Таулардың шетімен жүріп, шетсіз – шексіз шөл далаға қарап, бұл жерде айнала, тіпті менің төбемнен жоғары көгілдір теңіз шалқып жатуы керек еді ғой» - деп күрсінеді Диана Шарапова.

Аралдың экологиялық мәселесі жайында бүгінге дейін өте көп айтылып келді. 2014 жылы БҰҰ ның басшысы Пан Ги Мун бейнехабарлама жолдады: «Арал теңізінің құрғауының негізгі себебі – су ресурстарын дұрыс пайдаланбау» − деп атап өтті. Өзінің жолдауында Пан Ги Мун БҰҰ Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдайтынын жеткізді.

Халықаралық Аралды қорғау қоры мемлекетаралық бірігіп құрылған ұйым. Ұйымның мақсаты – Аралдың жағдайын шешу, Арал аймағынның әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Қорды құру үшін Қазақстан бас болып, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты бауырлас мемлекеттер тізе қосты.

"Қазақстан БҰҰ және Халықаралық Банктің қолдауымен Арал теңізін сақтап калуға және сол аймақтағы халықтын әл-ауқатын жақсартуға өте үлкен мөлшерде қаржы жұмсайды. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынды. Соның арқасында Арал қаласы қазір теңізден 18 шақырымда ғана тұр. Кезінде бұл қашықтық 70 шақырымнан астамға созылған еді. Балықшылар қайта теңізге шығып, балық аулаумен айналысып жатыр. Бұл, әрине, біздің еліміздің және халықаралық ұйымдардың өте үлкен жетістігі деп білемін", − дейді бейнебаянның продюсері Роман Миронов.

Аты аңызға айналған Pink Floyd тобы да өткен жылы өздерінің тартылып бара жатқан Арал туралы Louder than Words атты композициясына бейнебаян түсірген еді. Голливудтық актер Леонардо Ди Каприо Twitter –дегі өз парақшасында Арал қасіретін бейнелейтін суреттерді (шөл даладағы кеме қалдықтары) салып өзінің көзқарасын білдірді.

Ән Диана Шарапованың 2015 жылдың жазында таныстырылған «Бiр бейне» атты музыкалық альбомына кірді.

Ф. Абилова