Продюсер Ерлан Әлімов әке атанды

Продюсер Ерлан Әлімов әке атанды

Әли Оқаповтың директоры, Динара Сұлтан және "Қазақстан дауысы" жобасының финалисі Индира Еділбаеваның продюсері Ерлан Әлімов әке атанды. Бұл туралы Ерланның өзі инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады. "Біздің жанұямызда үлкен қуаныш! ...Қызымыздың атын Наима деп қойдық", - деп жазды ол. 

Ерлан мен жұбайы Сәбина 2013 жылы шаңырақ көтерген. 

Естеріңізге салсақ, Ерлан Әлімов халыққа «Super Star KZ» жобасының қатысушысы ретінде белгілі. 

Өзін продюсерлік жолда сынап жүрген Ерлан жұбайының суреттерін жеке парақшасына жиі жүктеп, оған деген ыстық сезімін жасырмайды. 

Фолловерлері бұған қызыға қарап, махаббаттарын үлгі тұтып, ғашықтарға бақыт тілеуден жалыққан емес. 

Біз де өз кезегімізде ана мен әке атанып отырған қос ғашықты құттықтай отырып, оларға отбасы бақытын тілейміз! 

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз:

Нұрлан Албан аталар тобын құрмақ

Нұрлан Әлімжан Қарағандыда шығармашылық кешін өткізді

Мassaget.kz ұсынады. Еліміздегі үздік 5 жас әнші

М. Оңғарова