Нұрлан Әлімжан Қарағандыда шығармашылық кешін өткізді

Нұрлан Әлімжан Қарағандыда шығармашылық кешін өткізді

Күні кеше облыстық С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында Нұрлан Әлімжанның шығармашылық кеші өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Нұрлан Әлімжан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші әрі әртіс, «Көшбасшы жолы» киноэпопеясында басты рөлді сомдаушы тұлға.

Шахта астанасында бірнеше мәрте қонақта болған әртіс қарағандылықтарды өз өнерімен қуантты. Кеш әртіс ойнаған фильмдердің үзіндісін көрсетуден басталды. Артынша хит болып үлгерген әндерін орындап, сахнадан түсті.

Ал 4 наурыз күні Нұрлан Әлімжан Елбасымыз Н.Назарбаевтың маман болып қалыптасуында ерекше рөл атқарған Теміртау қаласында қонақта болды.

Сурет: ©Мария Соколова 

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық ең сымбатты отыз сері

Нұрлан Әлімжан: "Адамзат қашан тояды екен?"

Ер мен ез

Реніш туралы өсиет әңгіме

Қ. Бүйенбай