Бейнелеу өнерінің 10 бағыты

Бейнелеу өнерінің 10 бағыты

Бейнелеу өнері – адам қиялының шексіздігін көрсететін өнер түрі. Қылқаламмен қағаз бетіне түскен сурет адамға түрлі ой салады. Өнер саласы болғандықтан суреттерді ұқсастығы мен ерекшеліне байланысты бірнеше бағыттарға жіктейді. Соған қарамастан олардың нақты шекарасы жоқ: бір бағыттан екіншісіне ырғақты түрде өте береді. Бір туынды бірнеше стильдің қосылуынан туындайды. Бұның бәрі автордың шеберлігінен хабар береді. Назарыңызға бейнелеу өнерінде нақты қалыптасып, өз орнын тапқан ежелгі және жаңа 10 бағытты ұсынамыз.

Импрессионизм

Импрессионизм XIX ғасырдың аяғында Францияда пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері шынайы әлемді сол қалпында бейнелеуге тырысты. Соған қарамастан, суреттердегі кейіпкерлердің "тірілігі" сақталды: көліктер қозғалып жатады, адамдар серуендеп барады. Сол себепті импрессионисттер көп жағдайда далада, көшеде сурет салуға тырысады, ашық реңді бояуларды қолдану арқылы суреттің өтімділігін арттырған. Бұл бағытта сурет салатын танымал тұлғалар – Клод Моне, Пьер Огюст Ренуар, Эдгар Дега мен Камиль Писсарро.

Постимпрессиониизм

Постимпрессионизмді тұтас бір бағыт ретінде қарастыру қиын, өйткені, бұл бірнеше стилдің қосындысынан туындайды. Бұл бағыттың суретшілері бір сәтті бейнелеп қоймай, қоршаған ортаның созылмалы сәтін бейнелеуге тырысқан. Яғни, күнделікті қайталанатын, шегі жоқтай көрінетін бір тірлікті суреттейді. Поль Сезанн, Поль Гоген, Винсент Ван Гог мен Жорж Сера – бұл бағыттың ең маңызды өкілдері. Сезанның туындылары Пикассо мен Бракқа ықпалын тигізсе, Ван Гогтың жұмыстары жаңа бағыт экспрессионизмінің негізін қалады. 

Фовизм

Дәстүрлі өнерге нүкте қойған бағыттардың бірі саналатын фовизмге суретте көлем мен кеңістікті жинақтау арқылы пішіндерді қарапайым бейнелеу, түстік көлеңкенің мен сызықтық белгілердің болмауы тән. Бұл бағыт өткен ғасырдың басында Францияда пайда болған. Негізін қалаушылар Анри Матисс пен Андре Дерен. Фовистер айналаны бейнелегенде, қанық түстерді молынан қолдануы тиіс деп санайды. Фовизм стиліндегі картиналардың екі ерекшелігі бар: суреттің негізі өте қарапайым және түстік палитраның шектен тыс тұрақсыздығы.

Сюрреализм

Сюрреалистік суреттер 1920-жылдары Парижде жазушылар мен суретшілердің шағын тобының тәжірибесі негізінде құрылды. Олар жаңа тәсіл арқылы қиялдың қаншалықты жүйрік екенін көрсетуге тырысты. Өнер туындысындағы сюрреализм халықаралық зияткерлік қозғалысқа айналды. Суретшілер ақылға қонбайтын нәрселерді бейнелеп, күнделікті заттардан біртүрлі нысандар ойлап шығарды. Осылайша, өз жұмыстарын философиялық қозғалыс деп атады. Сюрреализм бағытының ең ұлы өкілдері – Сальвадор Дали, Макс Эрнст пен Рене Магритт. 

Абстракционизм

Абстрактты бағыт – XX ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған өнер саласы болатын. Бұл бағытта жұмыс істегендер шынайы өмірдің "пішінін" қабылдаудан бас тартты. Абстракционизмнің басты бағыты – геометриялық пішіндер мен түстердің өзара үйлесімін қалыптастыру. Бұл бағытта көзге түскендер – Василий Кандинский, Казимир Малевич, Наталья Гончарова, Михаил Ларионов пен Пит Мондриан.

Кубизм

Кубизм бағыты алғаш рет 1907 жылдары қолданыла бастады. Оның басты өкілдері Пабло Пикассо мен Жорж Брак атанды. Кубизм негізінде жұмыс істеген суретшілер қарапайым заттарды үш өлшемді пішінде беруге тырысқан. Оны суреттердегі қыр мен бұрыштардан байқауға болады. Туындысы кубизммен байланысты атақты суретшілер Хуан Грис, Фернан Леже, Робер Делоне, Жан Метценже, Луи Маркуси мен Мари Лоренсин болатын.

Супрематизм

Супрематизм қағидаларының негізін 1915 жылы орыс суретшісі Казимир Малевич қалады. Бұл стиль кубизм мен футуризмнен бастау алады. Малевич суреттерінде заттарды бейнелеуде геометриялық пішіндерді қолданған және заттардың нағыз бейнесі сол деп есептеген.

Футуризм

Футуризм негізі Италияда қаланды. Оның қағидаларын итальян дәстүрлі өнерін теріске шығарып, жаңашылдыққа ұмтылған суретшілер тобы қалыптастырған. Ал басты көркем қағидасы – жылдамдық, қозғалыс пен қуат көзі болатын. Оладың туындысында пішіндер әртүрлі формаға жіктелген, өткір бұрыштар арқылы біріктіріледі, зигзаг, спираль мен конустар кездеседі. 

Академизм

Еурпалық кескіндеме түрі XVI-XIX ғасырда пайда болған. Классикалық өнердің элементтерін сақтай отырып жасалған бағытты ежелгі дәуір мен қайта жаңғыру дәуірінің көпірі санайды. Бұл бағытта аты шыққан суретшілер  қатарына Аннибале, Агостино мен Лодовико Карраччи жатады.

Минимализм

Минимализм – қарапайымдылық. Суретші бұл бағытта сурет салу барысында көбіне бейтарап түстер пайдаланған, қарапайым әрі аз заттарды қолданып, ішкі сезімдерін білдіруге тырысқан. Минимал-арт суретшілері ретінде Карл Андре, Сол Ле Витт, Робберт Моррис, Ив Кляйнды атауға болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
Икер Касильяс спорттағы мансабын аяқтады
Икер Касильяс спорттағы мансабын аяқтады