Экранизацияланған Гоголь шығармалары

Экранизацияланған Гоголь шығармалары
Фото: culture.ru

Николай Васильевич Гоголь — орыс әдебиетіндегі ең жарқын әрі жұмбақ жазушылардың бірі. Оның шығармалары тек әдебиетте ғана бағаланып қоймай, кино индустриясында да біраз режиссер мен сценарий жазушыларын шабыттандырып жүр. Соған сәйкес жазушының өмірі мен шығармасы негізінде түсірілген фильмдер мен сериалдар топтамасын ұсынамыз.

 "Қарапайым әрі керемет Петров пен Васечкиннің демалысы"

"Каникулы Петрова и Васечкина, обыкновенные и невероятные"
(1984)

Картинки по запросу Каникулы Петрова и Васечкина, обыкновенные и невероятные
Фильм толықтай Гогольдің шығармасының негізінде түсірілмегенімен, фильм сюжеті автордың "Ревизор" пьесынан басталады. Пионер лагерінде демалып жатқан оқушыларға пьесаны театрлық қойылым ретінде ұйымдастыру міндеттеліп, Инна Андреевна атты мұғалім оларға қалай оқу керектігін көрсете бастайды. Оқушылар өзара талқыға салғаннан кейін, пьеса жақсы болғанымен, заманға сай келмейді деген шешімге келеді. Ал, мұғалім оларға классикалық туындыны заманға сай өзгертуді ұсынады. Бұл жолы тексеріске "Ревизор" емес, лагерге демалуға "екі тентек" келеді. 

"Өлі жан ісі" 
"Дело о Мертвых душах"
(1999)

Телесериалдағы Гоголь кейіпкерлері бүгінгі күннің кәсіпкерін, шенеуіліктерін, авантюрист (алаяқ) пен олардың құрбандарын еске түсіреді. 

Сериал детектив жанрында түсірілген. Шиллер есімді жас жігіт белгісіз N қаласына "өлі жандардың" ісін зерттеп, тергеу жұмыстарына аттанады. Оның шытырман мен тылсымға толы оқиғасы осы сәттен басталады. Басты кейіпкердің ішкі жан дүниесі қалай өзгергенін байқауға болады. Сериал қарау барысында  жас жігіт бейнесінен "Петербург повестер" (Петербургские повести), "Диканька маңындағы шаруашылық кештерінің" (Вечеров на хуторе близ Диканьки) кейіпкерлерін, бірде атақты Ревизорды, бірде Чичиковтің өзін байқауға болады. 

"Гоголь"
(2019)Картинки по запросу Гоголь сериал

Гогольдің өмірі құпияға толы: оның биографиясында ата–анасының танысуынан бастап өлімі мен жерлеу рәсімі жайында әртүрлі хикаяларды естуге болады. Сондықтан авторлар жазушыны Гогольді детектив ретінде көрсетуге бел байлайды. Оқиғаға негіз болған автордың шығармасы "Диканька маңындағы шаруашылық кештері" болатын. Николай Васильевич Гоголь (Александр Петров) әдебиет әлеміндегі өзінің алғашқы қадамын жасайды. Бірақ, поэтикалық туындысы сәтсіздікке ұшырап, оны өртеп жіберуге мәжбүр болады. Сол уақытта оның туаға өлкесі Полтавада қасақан жасалған қылмыстардың саны артады. Қылмыскерді іздестіру жұмыстары тыңшы, тергеуші Гуроға тапсырылады. Онымен бірге, туған елге Гоголь де аттанады. 

"Вий"
(2014)Картинки по запросу вий 2014

"Вий" — шығыс славян халқының ауыз екі әдебиетінде кездесетін қорқынышты аңыз кейіпкері. 2014 жылы Гогольдің "Вий" шығармасының желісі бойынша түсірілген. 

Фильмдегі оқиға желісі XVIII ғасырдың басына сәйкес келеді. Картограф Джонатан Грин  өз арбасымен саяхаттап жүріп, Еуразия құрлығы картасының сұлбасына сызуға кіріседі. Трансивальния мен Карпат таурларынан кейін ол Украина жеріне келеді. Жолда оған жаңа жолсеріктер кездесіп, өздерінің достары Хома Брутты іздестіріп жүргендерін айтады. Хома Брут қаза тапқан қызды жерлеуге аттанған еді. Жолсеріктердің бірі қыз денесі жатқан шіркеудің қарғысқа ұшырағанын, ал тұрғындар оның айналасына биік қоршау салып тастағанын айтады.

Әрине, Грин бұған сене қоймайды. Бірақ, сонда да сол аймаққа барып көруді жөн санайды. Шіркеу орналасқан аймаққа кірген кезде арбасы сынып, сол ауылға түнеуге мәжбүр болады.

Фильмнің Тим Бертонның туындыларымен ұқсас екендігін байқауға болады. Фильмі кассалық жиыны жақсы болғанымен, сыншылар басты рөлді ағылшын азаматы ойнағанын құп көре қоймады. 

"Тарас Бульба"
 (1962)Картинки по запросу тарас бульба 2009

Туындының басты кейіпкері казактардың әскери басшысы Тарас Бульба, Киевтен оқудан келген балаларын Запорожье шабуыл аймағына ертіп келеді. Ал, сол уақытта Тарастың әйелін кенеттен соққы жасаған поляктар өлтіріп кетеді. Өзінің әскерін жинаған, Тарас қарсы күреске дайындалады. Бірақ, ұлдарының кішісі Андрий оқу кезінде, поляк әскерінің қолбасшысының қызына ғашық болады. Осылайша, махаббаты үшін отаны мен өз ұлтынан бас тартады. Бұл ұлтжанды әке үшін ауыр соққы болады. Енді қайтпек? Жазасы қандай? Бұл — әке мен бала, туған жер мен махаббат, адалдық пен сатқындық арасындағы тың күрес. 


Міне, Гогольдің экранизацияланған туындылары осындай. Бүгінде фильмдердің көбі атақты роман, повестьтердің желісі бойынша түсіріледі. Сол себепті, оқырман (көрермен) арасында фильмге қарағанда, кітап жақсырақ немесе басаша қарама–қайшы пікірлер туады. Фильм бір кітапты сыйдыра алмайды, қиялға ерік бермейді, онда сен елестеткен кейіпкерлерден өзгеше болуы да мүмкін. Оқиғаны қысқартқан шақта мән жоғалады. Ал, кітап — қиял шексіздігі. Кейіпкер де, оны қоршаған айнала да сенің ойындағыдай өмір сүреді әрі жетіледі.

Соған қарамастан, фильмге де сұраныс азайған емес. Өйткені, фильм де өзгенің қиялы.

Т. Есқали