Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ван Гогтың ең атақты 10 жұмысы

Ван Гогтың ең атақты 10 жұмысы

Ван Гогтың ең атақты 10 жұмысы

Винсент Ван Гог — Нидерландтың ұлы суретшісі. Бүгінгі сурет өнерінің жауһарына айналған бірнеше туындының авторы XX ғасырдың мәдениетінің дамуына ерекше ықпал етті. 

Ван Гог өмірінде 2100 ден астам сурет салған. Көзі тірісінде дәл қазіргідей атақ пен данққа бөленбеген ол өмір бойы кедейшілікпен арпалысқан. 37 жасында өзіне қол салған суретшінің өлімінен соң ғана оның жұмыстары сурет бағалаушылары мен сыншылдарының назарына іліге бастады. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде суретшінің туындалар көрмесі ашыла бастады. Кейбір оның жұмыстары әлемдегі ең қымбат өнер туындысына жатады. Солардың ішінде ең атақты 10 жұмысын назарларыңызға ұсынамыз:

1. "Жұлдызды түн" — "Звездная ночь"

Бұл туындысын суретші Сен-Реми қаласындағы психиатриялық емханада салған. Ван Гогтың басты идеясы адам баласының қиялының шексіздігін бейнелеу болатын. Картина постимпрессионизм жанрында салынған: суретте түнгі аспан бейнеленген. Суретші бар назарды ашық сары түсті жұлдыздарға, айға және өсіп тұрған кипаристерге аударады. Бұл композиция кеңістіктің жұмбақ бейнесі, жанның тыныштығы мен үйлесімділігін бейнелейді. Алыстан байқалатын тау мен ұйқыдағы қала ерексіз көзге түседі. Осылайша, Ван Гог жер мен аспан арасындағы қайшылықты суреттейді.  

2.  "Арльдегі жатын бөлме"  — "Спальня в Арле"

Бұл суреттің ерекшелігі — автор өз жұмыстарын қабырғаға іліп қойғанында. Заманының мойындамауы мен қоғамның түсіністік танытпауын ол шығармашылық жолмен осылайша жеткізеді. Сары және көкшіл түстер арқылы автор жайлылықты бейнелейді. Суретшінің композицияны сақтай отырып, тек түстерді өзгерткен үш түрлі нұсқаны салғаны белгілі. Бірін ағасына, екіншісін анасы мен әпкесіне арнап жасаған.

3. "Кебіс"  — "Башмаки"

Картинаның композициясы өте қарапайым жасалған. Ван Гог әбден ескірген аяқ киімді салады. Аяқ киімнің жұмысшы адамға тиесілі екенін аңғаруға болады. Суретші барлық бөлшектерді нақты әрі шынайы көрсетеді: аяқ киімнің өз пішінін жоғалтуы, оның әбден желінген табаны мен бауы. Картинада қызыл-қоңыр, қары көк пен қара түстер қолданылады.

4. "Кипаристі бидай алқабы" — "Пшеничное поле с кипарисами"

Есінен алжасқандарды емдейтін ауруханада салынған "Кипаристі бидайй алқабы" суретінің өзіндік тарихы бар. 1889 жылы маусымның басында дәрігер Пейрон суретшіге далаға шығып, Сен-Поль аймағындағы саябақтарда сурет салуға рұқсат етеді. Жанын жұбататын өнерге рұқсат алған ол пейзаж сала бастайды: зәйтүн шоғы, кипаристер мен бидай алқабы. Әсіресе, суретшіге бидай алқабында ерекше көзге түскен кипаристер қатты ұнайды. Оны қара жалынның жоғары ұмтылған тілі деп сипаттайды. Ван Гог өзінің көп жұмысына кипаристерді сала бастайды. Онысын "аймақтық пейзаждың ең ерекше тұсы" деп түсіндіреді. Дегенмен, зерттеушілер суретшінің кипариске құштарлығын Жерорта теңізінде бұл ағаштың ежелден бері өлім мен қайғының белгісі болуымен байланыстырады.  

5.  "Картоппен тамақтанған отбасы" — "Едоки картофеля"

Бұл картинаны салу үшін суретші көп тер төгуге мәжбүр болды: сурет бірден ол ойлағандай шықпады. Күн сайын суретші де Гроотов үйіне барады да, үстел басына тамақтануға отырған отбасын сырттай бақылайды. Суретте керосин шамының әлсіз жарығында үстелге жиналған отбасы мүшелерін байқауға болады. Олардың алдында картоптан дайындалған тағам мен арпа кофесі. Бұл суретте автордың көп жұмысында кездесетін қанық түстердің жоғын байқауға болады.

6. "Гүлдеген бадам ағасының бұтақтары" — "Цветущие ветки миндаля"

Бұл сурет суретшінің өзге туындыларына мүлдем ұқсамайды. Ван Гогқа тән сары түс бүл суретте жоқтың қасы. Есесіне, көк түсті ашық аспан, оның аясындағы бұтақтардың қанық түсі көктем мезгілін нақты көрсететіндей. Өзінің ағасына жазған хатында бұны мақтануға тұрарлық алғашқы жұмысы екенін атап көрсеткен.

7. "Автопортрет" —  "Автопортрет с перевязанным ухом"

Психикалық дерттің алғашқы белгілерінен кейінгі автордың алғашқы автопортреті. Ван Гог әрқашан өзін және оның қоршаған ортаны қалай байқады солай жеткізуге тырысты. Бұл суретте де өзінің жай күйін бейнелейді: жылы әрі ашық түстерді пайданғанына қарамастан, суретшінің жанарынан мұңды байқауға болады.

8. "Түнгі кафе" — "Ночное кафе"

Картинада кафе интерьері бейнеленген. Басты назарға ілігетін бей-берекет салынған кафе қабырғасы аздаған мастық сезімін тудыратындай.

9. "Ронадағы жұлдызды түн" — "Звёздная ночь над Роной"

Ван Гогтың жұмыстарына қарап отырып, түнгі қала пейзаждары оны қызықтырғанын аңғаруға болады. Аспандағы жұлдыздары суретшінің өзінің стилінде үлкен әрі жарық етіп бейнелнген. Ал, шамның жарықтары жұлдыздарға қарағанда әлдеқайда ашық түспен салынған. Суретші осы арқылы адамдар қолдан жасаған әлем мен табиғатты салыстырғандай. Екі әлемнен де сұлулық тапқан Ван Гог картинасы тыныштық пен жайлылық сыйлайды.

10. "Эттендегі бақ жайында естелік" — "Воспоминание о саде в Эттене"

Ван Гогтың хаттарынан суреттелген екі әйел образдары анасы мен әпкесі Вил екенін білуге болады. Суреттеу барысында қанық әрі ашық түстерді қолданады. Сары мен қызыл реңктерінің өзара үйлесімділігін байқайсыз. Картина ретсіз  түнгі түсті еске түсіреді: бір оқиғадан екінші оқиға алмаса береді. Автор осылайша, санадағы бірнеше естелікті бір картинаға түсіреді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: annaorion.com.ua
Қосылған күні: 20 мамыр, 16:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.