Бір суреттің тарихы: “Ұят. Иуда”

Бір суреттің тарихы: “Ұят. Иуда”
Фото: vk.com

Аталуы: Ұят. Иуда. 
Авторы: Николай Ге. 
Салынғын жылы: 1891
Кенеп, майлы бояу. 149 * 210. 
Третьяков Галереясы.

Николай Генің 1891 жылы салынған «Ұят. Иуда» туындысында көптеген көркем өнер туындыларына кейіпкер болған Иуда бейнеленген. Қараңғы түнде жол үстінде матаға оранған адам қалыбы. Ұстазына, Құдайына сатқындық жасаған жанның жолы. Сол қылығының ақысы ретінде алған 30 күміс монетаны әлдеқашан лақтырып тастаған… Енді мұны не күтіп тұр?

Жасаған жексұрын қылығының кесірінен Құдайдан да, ұстаздан да, достардан да, сенімнен де, бәрінен, бәрінен айырылды. Енді оның өмірінде бір-ақ дүние қалды. Ол – ұят…

Алдында жарық жоқ. Тек ай ғана арқасына сәуле шашып, бар жақсылық  өткен өмірінде ғана қалғанын көрсетіп тұрғандай… Бұл – Генің шеберлігі.

А. Оралқызы