Басты рөлде – Джонни Депп. Сүйікті актердің үздік фильмдері

Джонни Депп – өзінің келбетімен, фильмдердегі талғамымен көрермен жүрегінен орын алған актер. Бүгін актер басты рөлде ойнаған үздік фильмдер топтамасын назарға ұсынамыз.

Кариб теңізінің қарақшылары
Пираты Карибского моря

Джонни Депп сүйкімді, харизмаға бай, айлакер және қарақшы Джек Воробейдің рөлін сомдайды. Кариб теңізінде орналасқан Порт-Роял шығанағына капитан Барбосса басқарған аты аңызға айналған қарақшылар кемесі "Қара інжу" келеді. Шытырманға толы оқиға осыдан бастау алады. 


Алиса ғажайыптар әлемінде
Алиса в Стране чудес

19 жастағы Алиса Кингслидің өмірі әп-сәтте өзгеріп кетеді. Оның құрметіне ұйымдастырылған кеште лордың ақымақ ұлы Хэмиш пен Эскот ханым ұсыныс жасайды. Бойжеткен жауап берместен қашып кетеді. Осылайша жолда үстіне камзол киген, сағатына қарай беретін қоянды кездестіреді. Алиса оның артынан еріп отыруға шешім қабылдайды.  

Турист

Хас сұлу Элиза іздеуде жүрген ұры Александр Пирстің сүйіктісі. Александр полициядан құтылу үшін пластикалық ота жасатып, түрін өзгертіп тастайды. Элиза Венецияға келіп, өзінің сүйіктісіне орнына басқа адамды түрмеге отырғызу үшін, Александрға ұқсайтын адамды іздестіреді. Осылайша, ізінде жүрген полициядан қашуға бел буады.


Убийство в Восточном экспрессе
Шығыс экспрессіндегі өлім

"Шығыс экспресс" атты пойыз Стамбулдан Парижге аттанады. Ішіндегі жолаушылардың бірі әйгілі детектив — Эркюль Пуаро. Сэмюэл Рэтчетт азамат келіп, одан қомақты қаражатына бас-көз болуын сұрайды. Детектив бас тартады, таңертең Сэмюэлдің денесі табылады. Пойыздағылардың бәрі күдікке ілінеді.  

Ұлы
Великий

Жапонияның Минамата қаласындағы экологиялық жағдай әсерінен бүкіл қала зардап шегеді. Соны әлемге көрсеткен фотожурналист Уильям Юджин Смит. Фильм сол оқиға мен фотографтың өмірбаянына негізделген. 

Тозақтан
Из ада 

Фильм ағылшындар тарихындағы ең жұмбақ маньяк Джек туралы баяндайды. Оқиға 1888 жылдары болған. Асқан жауыздықпен қаза тапқан бойжеткеннің денесі Уайчепел аймағынан табылады. Полиция инспекторы Фред Эбберлайн істі қолына алып, тергеу жұмыстарын бастап кетеді. 

Тоғызынша қақпа
Девятые врата

Ескі кітаптардың коллекционері Борис Балкан егер тозақтың тоғыз қақпасынан өтсең, Люциферді шақыруға болады деген аңызға сенеді. 1666 жылғы ескі кітаптан оның әдісін көріп қалады. Оның шын-өтірігіне көз жеткізу үшін маман Дин Корсоны шақырады.