Оскар 2021: Жеңімпаздар белгілі болды

Оскар 2021: Жеңімпаздар белгілі болды
Фото: REUTERS, forbes.com

Лос-Анджелесте 25 сәуірде 93-ші "Оскар" сыйлығы үздіктерін анықтау рәсімі өтті. Биыл да былтырғы сценарий қайталанды. 2021 жылы "Оскардың" басты фильмі ретінде Хлоя Чжаоның "Көшпенділер мекені" (Nomadland) фильмі аталды. Ол бірден үш "Оскарға" ("Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Үздік актриса")  ие болды.

Дана Әмірбек: "Коронавирус "Оскардың" өнер киносына мән беруіне ықпал етті"

Фильм алпыс жастан асқан америкалық әйел туралы. Ол жұмысынан айырылғаннан кейін бәрін тастап, көшпенді салтын ұстанып, шағын фургонында өмір сүреді.

Хлоя Чжао академияға марапат үшін және биылғы үміткерлерге, сондай-ақ түсірілімге қатысқан кейбір нақты көшпенділерге алғыс білдірді.

"Бізге күш, төзімділік пен үмітті үйретіп, нағыз мейірімділіктің қандай болатынын ескерткеніңіз үшін рақмет", - деді дрежиссер фильмде ойнаған нағыз көшпенділер қауымына.

Энтони Хопкинс "Әке" рөлі үшін "Үздік актер" атанды. Бұл Хопкинстің мансабындағы екінші «Оскар». Ол өзінің алғашқы сыйлығын "Қозылардың үнсіздігі" фильміндегі маньяк рөлі үшін алған болатын. 83 жастағы валлийлік актер салтанатты шараға қатыса алмады, сондықтан актер Хоакин Феникс оны сыйлығын Хопкинс атынан алды.

"Үздік анимациялық фильм" номинациясы бойынша Pixar-дың "Жан" (Soul) мультфильм үздік шықты. Ол сондай-ақ "Үздік музыка" үшін де марапатқа ие болды.

"Екінші пландағы үздік актер" номинациясының жеңімпазы "Иуда мен Қара Мессия" фильміндегі рөлі үшін 32 жастағы Даниэль Калууя атанды.

Биографиялық драмада ол "Қара пантералар" радикалды ұйымының жетекшісі Фред Хэмптонның рөлін ойнады. Бұған дейін сол фильмдегі рөлі үшін актер "Алтын Глобус" сыйлығымен, "Американың актерлер Гильдиясымен" және "BAFTA Британ" академиясымен марапатталған.

73 жастағы Оңтүстік Кореялық актриса Юн Ен-Джун "Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Ли Исаак Чунның "Минари" фильміндегі Санджидің әжесінің рөлі актрисаға BAFTA актерлері Гильдиясының жеңімпазы атандырған болатын.  Фильмнің сюжеті Оңтүстік Кореялық отбасының Америкаға көшуі туралы оқиғаға негізделген.

Оскар мүсінін оған актер Брэд Питт сыйлады. Марапаттау рәсімінде актриса Юн Йон Джонның залдағы қонақтарды күлкіге қарық қылды. Ол сыйлықты ала тұрып сөзін: "Ақыры мен Брэд Питтті көрдім" деп бастады.

"Үздік шетел фильмі" номинациясы бойынша "Оскар" Томас Винтербергтің "Жаппай ішу" комедиялық-драмалық фильміне бұйырды. Фильм адам қанындағы алкогольдің тұрақты жетіспеушілігі теориясын тексеруге бел буған төрт дос туралы баяндайды.

"Үздік визуалды эффекттер" номинациясы бойынша "Оскарды" Кристофер Ноланның "Доводы" иеленді.

"Үздік деректі фильм" жеңімпазы – Netflix Original-дің "Менің сегізаяқты мұғалімім" фильмінің режиссерлері Пиппа Эрлих пен Джеймс Рид болды.

Басты рөлді осы фильмнің продюсері Крейг Фостер ойнаған. Фильмді түсіруге он жыл уақыт кеткен екен.

Эмиральд Феннелл "Үздік сценарий" сыйлығын "Үміт қызы" дебют фильмі үшін алды.

Бұл картинаның басты кейіпкері зорлаудың құрбаны болған жақын досының кегін алғысы келеді. Феннелл фильм тек 23 күнде түсірілгенін айтты.

"Үздік саундтрек" әнші H.E.R.-дің "Иуда және Қара Мессия" фильміндегі Fight for You әні деп танылды.

Әнші H.E.R 2020 жылы Джордж Флойдты өлтіруде әнұранға  айналған "Мен тыныс ала алмаймын" ("I Can't Breathe") әнін де жазған.

Айта кетейік, Коронавирусқа байланысты кейінге шегерілген "93-Оскар" сыйлығына ұсынылған фильмдер мен актерлар наурыз айында белгілі болған еді.

Режиссер Хлоя Чжаоның "Көшпенділер елі", (Nomadland, Флориан Зеллердің "Әке" (The Father), Дэвид Финчердің "Манк" (Mank), Шаки Кингтің "Иуда және Қара Мессиа" (Judas and the Black Messiah), Ли Айзек Чунның "Минареи" (Minari) , Эмиральд Феннельдің "Үміт қызы" (Emerald Fennell), Дариус Мардердің "Металл дыбысы" (The Sound of Metal), Аарон Соркиннің "Чикаго жетілігін соттау" (The Trial of the Chicago 7) фильмдері  "Үздік фильм" номинациясына ие болды.

Хлоя Чжао, Эмиральд Феннель, Томас Винтерберг, Дэвид Финчер және Ли Айзек Чун "үздік режиссер" номинациясы бойынша бақ сынады.

"Үздік актер" номинациясына Энтони Хопкинс ("Әке"), Риз Ахмад ("Металл дыбысы"), Гари Олдман ("Манк"), Стивен Анн ("Минари") және қайтыс болғаннан кейін Чедвик Боузман ұсынылды.

"Үздік актриса" номинанттарының тізіміне Фрэнсис Макдорман, Ванесса Кирби, Кэри Маллиган, Виола Дэвис және Андра Дэй енді.

Т. Раушанұлы