Томас Витенбергтің туындысы Еуропаның үздік фильмі атанды

Томас Витенбергтің туындысы Еуропаның үздік фильмі атанды
Фото: film.ru

13 желтоқсан күні Еуропа киноакадемиясы жылы сайынғы European Film Awards сыйлығын осымен 33-ші рет үздік фильмдерге табыстады.

Еуропа киноакадемиясының шешімімен биыл жылдың үздік фильмін – дат режиссері Томас Витенбергтің "Жаппай ішу" (Druk) фильмі жеңіп алды. Ал, режиссердің өзі "үздік режиссер" аталымы бойынша да үздік деп танылды. Сондай-ақ, осы фильмде басты рөлді сомдаған Мадс Миккельсен үздік актер атанды.

Фильм сюжеті бойынша бірде тарих профессоры, психолог, экономист және дене шынықтыру нұсқаушысы барға келеді. Олар  "адам туғаннан бастап қанында алкоголь жетіспеушілігінен зардап шегеді. Шынайы бақытты болу үшін кішкене мас болу керек. Таңертең бір стакан шарап, түскі асқа бір сыра, кешке асқа бір стакан виски ішкен дұрыс" деген ғылыми теорияны тексеруге шешім қабылдайды. Ары қарай комедиялық, драмаға толы шытырман оқиға басталады.

Еуропа киносыйлығының ең үздік жеңімпаздары мен номинанттары:

Үздік еуропалық фильм

"Жаппай ішу"

"Мәсіхтің денесі"

"Тағам жеу"

"Берлин, Александрплатц"

"Боялған құс"

"Мартин Иден"

♦ Үздік еуропалық комедия

"Триумф"

"Пойызбен жүрудің артықшылығы"

"Болат ханымдар"

♦ Үздік еуропалық анимациялық фильм

"Йозеп"

"Мұрын, немесе Бұл ондай қастандық емес"

"Клаус"

"Марта Джейн Каннеридің балалық шағы"

♦ Үздік еуропалық режиссер

Томас Винтерберг ("Жаппай ішу")

Ян Комаса ("Мәсіхтің денесі")

Пьетро Марчелло ("Мартин Иден")

Агнешка Холланд("Шарлатан")

Франсуа Озон ("85-жылдың жазы")

Мария Седаль ("Үміт")

♦ Еуропаның үздік актері

Мадс Миккельсен ("Жаппай ішу")

Барто Беленя ("Мәсіхтің денесі")

Горан Богдан ("Әке")

Элио Джермано ("Мен жасырынғым келді")

Лука Маринелли ("Мартин Иден")

Вигго Мортенсен ("Құлау")

♦ Үздік еуропалық актриса

Паула Бер ("Ундина")

Наталия Бережная ("ДАУ. Наташа")

Андреа Брейн Ховиг ("Үміт")

Эни Даль Торп ("Чартер")

Нина Хосс ("Кіші қарындас")

Марта Ниэто ("Ана")

Алдын ала мәліметтер бойынша, Дания Томас Витенбергтің "Жаппай ішу" фильмін Оскардың «үздік шетел фильмі» номинациясына ұсынатынын мәлімдеген.

Айта кетейік, European Film Awards – бұл 1988 жылы құрылған Еуропалық киноакадемияның жыл сайынғы құрлықтық сыйлығы. Сыйлық "Оскарға" Біріккен Еуропаның басты кинематографиялық сыйлығы ретінде бәсекелес болады. Оны кейде "Еуропалық Оскар" деп те атайды.

Т. Раушанұлы