Marvel фильмдерінде жаңа кейіпкерлер пайда болады

Marvel фильмдерінде жаңа кейіпкерлер пайда болады
Фото: vk.com

Marvel компаниясының басшысы Кевин Файги  алдағы уақытта Марвел кейіпкерлерінің саны 3 адамға толығатынын хабарлады. 

Сонымен, олар – мисс Марвел, Айлы рыцарь мен Халк-қыз. Әзірге олардың Кек алушылармен тең дәрежеде соғысатыны не екінші пландағы кейіпкерлер болатыны белгісіз. 

Продюсер айтуынша, көрермендер мисс Марвел, Айлы рыцарь мен Халк-қызды алдымен Disney+ стримингтік сервисіндегі сериалдардан тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Олар АҚШ территориясында 13 қарашадан бастап көрсетіледі. Тек содан кейін ғана Marvel киноәлеміне "қоныстанады". 

Ұлыбритания мен өзге де елдерге Disney+ 2020 жылдың 31 наурызында ғана жол тартады.

А. Оралқызы