"Мұзды өлке-2" мультфилімінің жаңа трейлері шықты

"Мұзды өлке-2" мультфилімінің жаңа трейлері шықты
Фото: youtube

"Мұзды өлке" толықметражды анимациялық фильмі 2013 жылы жарыққа шығып, ең кассалық мультфильмнің біріне айналды. Крисс Бак пен Дженнифер Ли режиссерлік еткен туынды "Үздік анимациялық фильм" және "Үздік әуен" санаттары бойынша "Оскар" жүлдесін иемденді. Бұл мультфильмдегі өлеңді кез келген кішкентай баланың аузынан естуге болады және кішкентай қыздардың көпшілігі жаңа жылға "Эльзаның киімін" қалайды. Дисней кинокомпаниясы биыл "Мұзды өлкенің" жалғасы шығатынын айтып, көрермендерді бір қуантқан болатын. Алайда, компания осы уақытқа дейін сценарийдің қандай болатынын жасырып келді. Олар ұсынған алғашқы трейлерде анық ештеңе көрсетілмеді.

Енді, желіде "Мұзды өлке-2" мультфилімінің жаңа трейлері шықты. Бұл трейлерден мультфилімнің не туралы болатынын анық түсінуге болады: Эренделл патшалығына қауіп төнеді, оны құтқару үшін Эльза тұманға жасырылған елге жолға шығуды жөн көреді. Әрине, Эльзаның сіңілі Анна, оның күйеуі Кристоф, бұғы Свен мен аққала Олаф Эльзаны жалғыз жібермейді. Бұл сапардың қызыққа толы болатыны анық.

"Мұзды өлке-2" мультфилімінің көрсетілімі 2019 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Балаларыңызбен бірге көруге болатын күзде шығатын басқа да мультфильмдер тізімін мына жерден көрсеңіз болады.

А. Жапатова