«Мұзды өлке 2» анимациялық фильмінің алғашқы трейлері шықты

«Мұзды өлке 2» анимациялық фильмінің алғашқы трейлері шықты
Фото: MovieNews.Film

Желіде «Мұзды өлке 2» анимациялық фильмінің алғашқы тизер-трейлері пайда болды. Оның бірінші бөлімі әлемдегі ең кассалық мультфильм болды: оның қорында 1,3 млрд. доллар бар. Сонымен қатар, мультфильм Оскар премиясынан «Ең үздік анимациялық фильм» және «Ең үздік ән» номинацияларын жеңіп алды.

Желіде пайда болған видео сюжетті ашпайды, бірақ онда Эльзаның мұхитпен күресі көрсетілген. Ал Disney студиясы мультфильмнің сюжеті туралы былай деді: «Анна, Эльза, Кристоф, Свен және Олаф Эренделл патшалығынан кетіп, солтүстікке жол жүреді. Олар сол жақта туған жері туралы шындықты біледі.»

«Мұзды өлке 2» мультфильмінің режиссерлері Крис Бак пен Дженнифер Ли болды. Мультфильмнің әлемдік тұсаукесері осы жылдың 22 қарашасына жоспарланып отыр.

А. Жапатова