Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Мағынаға толы анимелер

Мағынаға толы анимелер

Мағынаға толы анимелер

Қандай өнер туындысы болмасын, автордың айтары болады. Бірі соны еш қиындықсыз жеткізсе, енді бірінің ойын ұғу мүмкін емес. Аниме де өнер туындысына жатады. Оның өзіне тән жанры, стилі мен оқиғасы бар. Аниме  – ақпарат жеткізудің тағы бір тәсілі. Бүгін сізді қалың ойдың астында еріксіз қалдыратын анимелер тобын ұсынамыз. 

Жалаң аяқ Гэн / Босоногий Гэн / Hadashi no Gen

Картинки по запросу Босоногий Гэн gif

Шыққан уақыты: 1983
Режиссері: Мори Масаки
Бәрінен қорқыныштысы Гэннің тағдыры – манга авторы Кэйдзи Накадзаваның биографиясы. Оқиға желісі ядролық жарылыстан кейін аман қалған баланың өмірін баяндайды. Аниме оқиғасы қанға боялған Хиросимоны баяндаса да, ретро стилі мен кейіпкерлердің бейнесінен достық пен адамгершіліктің лебі еседі.

Мінсіз мұң /Идеальная грусть/ perfect blue

Картинки по запросу Идеальная грусть gif

Шыққан жылы: 1998
Режиссері: Сатоси Кон
Драма, хоррор және триллер жанрына жататын фильм адамның өзін-өзі жоғалтуын баяндайды. Қоғамға еш қиындықсыз ықпал ете алатын актриса нағыз өзінің бейнесі мен оның көрермендері жасаған образ арасындағы айырмашылықты байқаудан қалады. Аниме мәнінің өтімді болғаны сонша, Даррен Аранофски фильм құқығын сатып алады. Кейін белгілі бір көріністі өзінің фильмі "Арман туралы реквиемінде" қайталайды. 

Токиодағы жер сілкініс / токийское восьмибалльное / tokyo magnitude 8.0

Картинки по запросу токийское восьмибалльное gif

Шыққан жылы: 2009
Режиссерлері: Масаки Татибана, Хидэки Ито
Жер сілкінісы – Жапонияда жиі кездесетін табиғи апаттардың бірі. Анимеде 8 баллдық жер сілкінісіне тап болған Токио қаласы көрсетіледі. Ғимараттар құлап, көпірлер бұзылады. Дегенмен, фильм литосфера плиталарының жылжуын не салдарын көрсету үшін емес, адамдардың қиын жағдайда бір-бірімен қарым-қатынасын баяндау үшін түсірілген. Басты кейіпкерлер – отбасына оралуға тырысатын әпкелі-іні және олармен тағдыр жолықтырған әйел адам. 

Ғаламшарлық темір жолындағы түн / ночь на галактический железной дороге/ night on the galactic railroad

Картинки по запросу ночь на галактический железной дороге

Шыққан жылы: 1985
Режиссері: Гисабуро Сугии
Балақай ойламаған жерден ғаламшан пойызына отырады. Осылайша оның кеңістікке саяғаты басталады. Вагондарда одан бөлек жолаушылар келіп тұрады: бірі кенеттен пайда болса, енді бірі өзінің ақылға қонымсыз оқиғаларын айтады. Оған қоса, басты кейіпкер пойызда өзінің досын кездестіреді. Олар бекеттерден шығып, өзге әлемнің өмірін бақылайды. Бір қызығы, барлық кейіпкер мысық ретінде салынған. 

Ева дәуірі / время евы /time of eve

Картинки по запросу время евы gif

Шыққан жылы: 2008
Режиссері: Ясухиро Есиура
Болашақ: адамдарға тұрмыс жағдайына андроидтар көмектеседі. Дегенмен, барлық робот ойлау қабілетіне ие болып, өздерінің қоғамдағы орындарына көңілі толмайтындығын жеткізеді. Одан бөлек, көшелерде нағыз адамның кім екеніндігін ұмытпау керек, роботтар орнын білуі тиіс деген шерулер жиі болып тұрады. "Ева дәуірі" адамдар мен роботтар арасында айырмашылық бір сәтке жоғалатын кафенің атауы. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: 2x2tv.ru
Қосылған күні: 18 қыркүйек, 16:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.