Балаларға арналған фильмдер

Балаларға арналған фильмдер

Төртінші тоқсан алды демалысты пайдаланып, балалар мен ата-аналар қарауға болатын отбасылық фильмдер топтамасын ұсынамыз.

«Белль мен Себастьян: шытырман жалғасуда»
(Белль и Себастьян: Приключения продолжаются)

Картинки по запросу Белль и Себастьян: Приключения продолжаются

Кішкентай балақай Себастьян мен оның адал досы Белль атты иттің басынан кешкен оқиғаларын сипаттайтын фильм сюжеті бойынша олар құрбылары Анджелинаны іздеп орманға аттанады.

«Фердинанд»

Картинки по запросу Фердинанд

Фердинанд — ешкімге зияны жоқ, ақкөңіл және кішіпейіл бұқа. Дегенмен, оны Мадридте өтетін бұқалардың шайқасына қатысушы ретінде таңдайды. Оқиғаның қызығы осы сәттен басталады. Мультфильм 2018 жылы «Оскар» жүлдесіне үміткер болған.

«Кішкентай ханзада»
(Маленький принц)

Картинки по запросу маленький принц мультфильм

Антуан де Сент-Экзюперидің атақты повесть-ертегісінің желісі бойынша түсірілгенімен, сценаристер хикаяны басқаша баяндайды. Анасының қас-қабағына қарап өмір сүріп жатқан кішкентай қыз ұшқыш атамен танысып Кішкентай ханзаданың еліне аттанады.

«Паддингтонның басынан кешкендері 2»
(Приключения Паддингтона 2)

Картинки по запросу Приключения Паддингтона 2

Перуден Лондонға келген аю антикварлық дүкеннен әдемі кітапты көріп, сатып алу үшін ақша жинай бастайды. Кенеттен кітапты ұрлап кетеді, оқиғаның кейіпкері Паддингтон басты назарға ілігеді.

«Кинодағы My little Pony»
(My little Pony в кино)

Картинки по запросу My little Pony в кино

Атақты сериал кейіпкерлерімен түсірілген толықметражды фильм. Дауыл патшалығы Эквестрияны басып алмақшы, ал пони болса өздерінің сиқырлы күштерінен айырылуы мүмкін. Олар амалсыздан өз елдерінен кетіп, шытырманға толы әлемге саяхаттауға мәжбүр болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда