Кино әлеміндегі ең зұлым кейіпкерлер

Кино әлеміндегі ең зұлым кейіпкерлер
Фото: Коллаж

Әлемде зұлымдық болмаса, батырлардың ерлігі де көзге түспейтін еді. Қаһармандар фильмі де сол секілді. Фильм зұлымдарсыз қызықты болмайтыны анық. Қаһармандар неғұрлым күшті болған сайын, зұлымдар да соған сай болуы тиіс. Бүгін DC және Marvel кеңістігіндегі ең жауыз зұлымдарды көрсетеміз:

Джокер

«Зұлмат сері» (Темный рыцарь,2008) фильміндегі Хит Леджер сомдаған зұлым Джокер кино әлемінің аңызына айналды. Джокердің зұлым ретінде ерекшелігі оның бойында өзгелер секілді ерекше күш жоқ. Оның бар қасиеті – ол өте ақылды, қулыққа толы жоспарларды құрастыра біледі және мақсатына қол жеткізу үшін адамдарды еркін басқарады. Джокер өзін әшкерелегісі келетін адамдардан ылғи бір қадам алда жүреді.

Бэйн
Кристофер Ноланның Бэтмен жайлы трилогиясындағы «Зұлмат сері: аңыз туған сәт» (Темный рыцарь: Возрождение легенды,2012) атты фильмін сәтті деп айта алмаймыз. Дегенмен, Том Хардидің сомдауындағы Бэйн сәтсіз фильмдегі – ең сәтті кейіпкер. Бэйн зұлымға сай барлық қасиетке ие: біртүрлі маска, қорқынышты дауыстың өзі оны ерекшелендіріп тұрады. Фильмде де, комиксте де Бэйн – Бэтменға үлкен жеңіліс алып келген алғашқы жауыз.  

Лекс ЛюторДжесси Айзенбергке дейін Лекс Лютердің рөлін Кевин Спейси сомдаған болатын. Кевин Спейси Лекс Лютердің болмысын ашық көрсете білді. Бұл зұлым экрандалған барлық қаһармандар жайындағы фильмдер тарихында "темірден жасалған адамды" да тізерлеткен зұлым ретінде қалады.  

Апокалипсис

Апокалипсис – біздің дәуірімізге XXX ғасырда өмірге келген ең алып мутанттардың бірі. Ол өзге мутанттардың күштерін өзіне алып алу қасиетіне ие. Апокалипсис ең күшті адамдар ғана өмір сүру керек деп шешеді. Сондықтан, әскері ретінде мықтылардың мықтысын таңдауға шешім қабылдайды. Фильмде оны «Икс Адамдар» тобы тек өз күштерін біріктіру арқылы жеңеді. Marvel кино кеңістігінде енді Апокалипсистің кездеспейтіндігіне қарамастан, ол ең зұлымдардың қатарына енді.

Танос

Жазушы – суретші Джим Старлин Таностың болмысын бейнелеген соң, оның атын Танатос құрметіне қойған. Танатос – грек мифологиясындағы өлім бейнесі. Оның биографиясын естіген сәттен-ақ оның аты өзіне лайықты екенін ұғуға болады. Ол «Өлім ханшасына» ғашық болып, оны өзіне қарату үшін туған жері Титан ғаламшарының жартысын жойып жібереді.

Альтрон

Танос Альтронды құрастырып және Локидің асатаяғына жасырады. Танос оның көмегімен роботтарды басқарып, интернет-желісі арқылы Жер ғаламшарын құртуды көздейді. Альтрон комикстерде бейтарап ортаны ұстанады. «Кекшілдер» тобымен күресе жүріп, адамзаттың өзін болып жатқан барлық зұлымдыққа кінәлайды.

Локи

Локи басқа зұлымдарға қарағанда құдіретті күшке ие емес. Ол қулық пен алдау құдайы болатын. Фильмде жауыздан кенет жағымды кейіпкерге айнала жаздайды. Дегенмен, оның бәрі оның құйтырқы жоспарының бір бөлігі болып шығады.

Степпенвулф
Степпенвулф — DC кеңстігіндегі ең жауыз кейіпкерлердің бірі. Ол – Апокалипсис ғаламшарынан келген бөгде ғаламшарлық. Оның да өзіне тән ерекшелігі мен қасиеті бар. Оны тек мықтылар ғана жеңе алады. 

Жауыздық – адамзаттың өзін таппағаннан пайда болатын қауіпті қасиет. Жауыз адамдар ешқашан біреуге жамандық жасап жатырмын деп ойламайды. Тек оларды өздерінің ішкі эгосы ғана жеңіп кетеді.

Т. Есқали