Таңғажайып декорациялы фильмдер

Таңғажайып декорациялы фильмдер
Фото: chapal.us, cinematographe.it,

Компьютер графикасы мен арнайы эффектілер заманында сан түрлі декоративті құрылыстар тасада қалып жатады. Себебі заманауи көрермен таңдай қақтырар детальдарды компьютерлік графикаға балап үйреніп қалған. Фильмдерде қолданылатын барлық декорацияда жүздеген адамның еңбегі бар. Оның барлығы бүкіл фильмнің композициясына, тіпті кейде бір ғана сәттік кадр үшін жасалады. Эпизодтардың сәнін келтіретін түрлі декорацияларға қоюшы-режиссер, көркемдік жетекші, декорация суретшісі, сахна декораторы, реквизиттік топ, координатор-безендірушілер жауапты. Компьютер графикасы мен арнайы эффектілер әсерін беретін ғажап декорациялы фильдер топтамасы назарларыңызда. 

1. "Интерстеллар", тессеракт, 2014 

Басты қаһарман фильмнің соңында қара құрдым ішіндегі төртөлшемді текшеге түседі. Текше көздің жауын алатындай қылып жасалғаны сонш – көрермен тессерактының декорация екендігін білген де жоқ. 

2. "Матрица: Қайта жүктеу", тас жол, 2003 жыл

Фильмдегі эпизодтардың бірі тас жолдың үстінде 3 апта бойы түсірілуі тиіс болды. Мұндай уақытқа дайын тұрған жолды жалға алу қымбат болғандықтан, ағайынды Вачовски ұзындығы 2 жарым шақырым болатын жаңа тас жол жасайды. 

3. "Обливион", аспан мұнарасы, 2013 жыл

2013 жылы жарыққа шықан "Обливион" фантастикалық фильмі аса танымалдыққа ие болмаса да, асқан шеберлікпен, шығармашылық талғаммен жасалған декорациясы көптің есінде қалуы тиіс. Мұнара айналасындағы аспан кеңістігі компьютерлік графикамен жасалса да, мұнара Джозеф Косински сызбасымен қолдан жасалған. 

4. "Су әлемі", атолл, 1995 жыл

"Титаник" фильмі шықпай тұрып "Су әлемі" әлемдегі ең қымбат фильм болып танылған. Фильм фантастикалық болғандықтан, түрлі декорация қолдану керек болды. Солардың ең көлемдісі – теңіз үстіндегі атолл. Оның ауданы – 400 шаршы метр, салмағы – 1000 тонна, ал оның құрылысына 3 ай уақыт кеткен. 

5. "Гарри Поттер", Хогвартс, 2001-2010 жылдар 

"Гарри Поттер" туындысының түсірілімі түбегейлі аяқталғаннан кейін, ондағы декорацияның барлығы "Гарри Поттер мұражайына" жіберілген. Мұражайда сақталған таңғажайып декорацияның бірі – Хогвартс сарайының проектісі.

Massaget.kz