"Тақтар ойыны" сериалындағы арнайы эффектілер

Қазіргі уақытта түсіріліп жатқан фильмдерді арнайы эффектілерсіз елестету мүмкін емес. Ал 2011 жылдан бері шыға бастаған "Тақтар ойыны" сериалында эффектілердің маңызы өте жоғары. Фэнтези жанрында болғандықтан, бұл туындыда ойдан шығарылған құбыжықтар, шайқас сахналары, таңғажайып табиғат көріністері көп кездеседі. Сол себепті де фильм өндірушілері арнайы эффектілерге баса көңіл бөледі. Сериалдың түсірілім кезіндегі және монтаждан кейінгі көріністері арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қойылымы күрделі, ал өңделуі одан қиын сахналар компьютердің арқасында қалай өзгеріске ұшырағанын видеодан тамашалай аласыздар.