Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Оскар" жүлдесі туралы қызықты деректер

"Оскар" жүлдесі туралы қызықты деректер

"Оскар" марапаты туралы не білесіз? Әр еңбектің нәтижесі болады. Ал, актерлер, режиссер мен композиторлардың еңбегін саралайтын "Оскар" жүлдесінің тарихы қашанда қызықты. 

•  Бұл марапатқа «Оскар» атауын Уолт Дисней берді.
• «Оскар» жүлдесін жеңіп алғанмен, мүсінді өзімен алып кете алмайды. Ол үшін жеңімпаз Киноакадемия қойған арнайы талаптарға келісу қажет. Бас тартқан жағдайда, мүсін берілмейді. Бұл қағида өткен ғасырда бас жүлденің бірнеше рет сатылымға шығып кетуіне байланысты пайда болды.
• Тарихта «Оскар» жүлдесін бір емес, бірнеше рет жеңіп алғандар бар. Уолт Дисней Оскар жүлдесін 25 рет жеңіп, оның ішінде 3 рет құрмет белгісімен марапатталған. 
1942-1963 жылдар аралығында 59 рет түрлі номинацияларға ұсылынған. Бір қызығы, жүлдемен ең көп марапатталған және ең көп номинацияға ұсынылып, ала алмаған адам ретінде тарихқа енген.
• Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Оскар мүсіндері пластмасса материалдан жасалды. Соғыстан кейін қайтадан металл түріне ауыстырылды.
• Оскар жүлдесімен марапатталған жандар үшін сахнада сөйлеуге небары 45 секунд белгіленген. Бұл ереже марапаттау рәсімінің төрт жарым сағатқа созылып кетуіне байланысты 2002 жылы енгізілді.
• «Оскар» тарихында түрлі номинациялар бойынша бірнеше рет таласқа түсіп, жүлдесіз қалғандар да кездеседі. Дебора Керр, Тельма Риттер және Гленн Клоуз аталмыш жүлдеге 6 рет ұсынылған, британиялық актер Питер О’Тул 8 рет ұсынылыпты, бірақ «Оскар» жүлдесін жеңу бұйырмаған.
• Атақты қызыл кілемнің ұзындығы 150 метр, ені 10 метр шамасында.
• 2000 жылы белгісіз біреу 55 «Оскар» мүсінін қолды қылған. Мүсіндер біреше күн өткен соң қоқыс шелегінен табылған. Тауып алған адамға 50 мың АҚШ доллары және «Оскар» марапатын табыстау рәсіміне 2 билет сыйға берілген.

Дереккөз: khabar.kz

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: i-fakt.ru
Қосылған күні: 31 наурыз 2018, 15:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.