«Тақтар ойыны» авторының кітабы бойынша тағы бір сериал түсіріледі

«Тақтар ойыны» авторының кітабы бойынша тағы бір сериал түсіріледі
Фото: gothumor.info

Әйгілі «Тақтар ойыны» романының авторы Джордж Мартиннің басқа бір кітабы бойынша сериал түсіріледі. Бұл туралы Syfy арнасы мәлімдеді. 

Әңгіме бұл жазушының 1980 жылы жазылған «Түнді тіліп ұшқандар» атты новелласы жайында. Басты рөлде әйгілі «Жерасты империясы» сериалы арқылы танылған актриса Гретхен Мол ойнайды

Сериалдың сюжеті ғарыш кемесінде ғарышкерлермен байланыстық орнатуға үміттеніп, күн жүйесінен шығып кететін ғалымдар тобына айналады. Ұшу кезінде ғарыштық аппаратта елеулі оқиғалар орын алады. Сериалды түсіруге Universal Cable Production және Netflix қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдік сериалдар қатарында алдыңғы орынды бермей тұрған әйгілі «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымының түсірілімі басталды. Сериалдың премьерасы 2018-2019 жылдары шығады деп күтіледі. Былтыр көрермендер сериалдың жетінші маусымын көрді. Ол бірнеше миллион көрілім жинап, кинотеатрлар мен теледидарлардан 12 миллион көрермен тамашалады. Бұл рекордтық көрсеткішке жетті.

Ж. Жұмағұлов