«Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымы түсіріледі

«Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымы түсіріледі
Фото: vistanews.ru

Әлемдік сериалдар қатарында алдыңғы орынды бермей тұрған әйгілі «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымының түсірілімі қазан айында басталады.

Бұл жобаның құны 90 миллион долларды құрайды. Сериалдың премьерасы 2018-2019 жылдары шығады деп күтілуде. Шетелдік БАҚ-тың мәлімдеуінше, сериалдың соңғы маусымы үшін продюсерге қомақты қаржы төленеді. Көрермендер 2018-2019 жылдары сүйікті сериалдарын көру үшін 90 миллион доллар төлеуі керек екен. 

Сериалдың режиссері Мигель Сапончик және оның әріптесі Дэвид Наттер. Сегізінші кезең соңғы маусым болмақ. Сондай-ақ, «Тақтар ойынының» соңғы маусымында 6 қызықты серия болады, олардың әрқайсысының ұзақтығы – 1,5 сағат. Алдын-ала есеп бойынша, олардың біреуіне кеткен жұмыс шығынынң құны 15 миллион  долларға тең.

Биыл көрермендер сериалдың жетінші кезеңін көрді. Ол бірнеше миллион көрілім жинап, кинотеатрлар мен теледидарлардан 12 миллион көрермен тамашалады. Бұл өз кезегінде рекордтық көрсеткішке жетті. 

Ж. Жұмағұлов